Ел жүрегі — Астана!

6 шілде Астана қаласының туған күніне орай, Алматы қаласы  ҚАЖ департаменті №11 мекемесінде Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Еркінбек Ұлжан Кәрімбергенқызы, Аргынова Гаухар Абаевна, Сатқынова Әсем Мұхтарқызымен бірлесіп, мерекелік концерттік  ic-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру. Іс-шара кітапханашы Сатқынова Әсем Мұхтарқызы дайындаған Астана қаласы туралы баяндамадан басталып, Аргынова Гаухар Абаевна көрнекті қала туралы, қызықты кітап көрмесін көрсетті. Сотталған жасөспірімдер, Астана-әсем қала туралы тақпақтар оқып, ән орындады. Іс-шараның соңында Астана туралы Еркінбек Ұлжан Кәрімбергенқызы слайдтар көрсетіп, Астана қаласының көрікті жерлерін таныстырды. Жазасын өтеуші жасөспірімдер жақсы әсер алды. Іс-шара жасөспірімдердің эстетикалық талғамдарын дамытып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, қатарластарынан қалмай қоғамға дұрыс тәрбиелі азамат болып оралу болып табылады.

                                                                          №11 мекемесі  Еркегүл Жеңісхан

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...