Қазақстанның 9 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
«11 ақпанда сағат 7:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді», — делінген хабарламада.
Ақтөбе облысында – 3 учаске
- «Самара-Шымкент» 773-855 шақырым, Бекқұл Баба — Хромтау – 82 шақырым;
- «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» 0-83 шақырым, Қарабұтақ-Комсомол;
- «Самара-Шымкент» 842-1240 шақырым, Хромтау-Қызылорда облысы шекарасы.
Алматы облысы — 1 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» 59-143 шақырым, Жаңақұрылыс-Жамбыл облысының шекарасы.
Атырау облысы — 1 учаске
- «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 616-847 шақырым, Атырау-Құрманғазы.
Шығыс Қазақстан облысында — 1 учаске
- Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары, 6-166 шақырым, Ушановское-Алтай.
Жамбыл облысы — 1 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» 143-593 шақырым, Алматы облысы шекарасы-Түркістан облысы шекарасы.
Қостанай облысы — 1 учаске
- «Жезқазған-Петропавл», 252-335 шақырым, Ұлытау облысы — Арқалық
Қызылорда облысы — 1 учаске
- »Самара-Шымкент» 1240-2055 шақырым, Ақтөбе облысы шекарасы-Түркістан облысы шекарасы.
Түркістан облысы — 2 учаске
- «Самара-Шымкент» 2055-2257 шақырым, Қызылорда облысы шекарасы-Шымкент;
- «Алматы-Ташкент-Термез» 593-674 шақырым, Жамбыл облысы шекарасы-Шымкент.
Ұлытау облысы — 2 учаске
- «Жезқазған-Петропавл» 137-252 шақырым,
- Ұлытау-Қостанай облысының шекарасы.
«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 191 техника және 268 жолшы жұмылдырылған», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасап, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты алыс жолдарға шықпауға кеңес бергені хабарланған болатын.


