Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Тізімде 10 жәрдемақы бар:

  • бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • бала бір жарым жасқа толғанша бала күтіміне арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар көп балалы отбасына, соның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінде жалпы білім беру немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі бөлімде оқитын балаларға 18 жастан бастап білім беру мекемесін бітіргенге дейін (бірақ 23 жасқа толғанша) берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе бірінші және екі дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы анаға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • мүгедектігі бар адамға арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
  • асыраушысынан айырылып, қайтыс болған асыраушыға тәуелді болған мүгедектігі бар отбасы мүшелеріне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы;
  • бірінші топтағы мүгедек адамға қарайтын жеке тұлғаға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
  • мүгедектігі бар баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға немесе қамқоршыға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
    арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы.

Жәрдемақы төлемін тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты да белгіленді. Бұл шарттың бәрін мына жерден оқуға болады.

Қажетке негізделген қағидат бойынша, жәрдемақы алу құқығы және жерлеу төлемін бір рет алу құқығы әлеуметтік әл-ауқаттың жоғары («А» деңгейі) немесе бай («В» деңгейі) деңгейіндегі («А» немесе «В» деңгейлері) адамдарға берілмейді. Бұл деңгейлер отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын анықтау әдіснамасы бойынша анықталады.

Жәрдемақы төлемі ай сайынғы объективті бағалау нәтижесі бойынша әлеуметтік әл-ауқат деңгейі қанағаттанарлық, экономикалық тұрғыдан осал немесе экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деп жіктелген кезде қайта қаралады.

Қарттарға берілетін зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адам қайтыс болса, оның отбасы немесе оны жерлейтін адам республикалық бюджеттен 35 АЕК көлемінде жерлеу төлемін бір рет алуға құқылы.

Ұлы Отан соғысының ардагері болған қартқа берілетін зейнетақы төлемін алатын адам қайтыс болса, оның отбасы немесе жерлейтін адам 36,6 АЕК көлемінде жерлеу төлемін бір рет алуға құқылы.

Бұл ереже 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстандықтардың 71 пайызы ауырғанда бірінші ЖИ-ден кеңес сұрайды 

Қазақстандықтардың 94 пайызы ауырған кезде алдымен өз бетінше емделуге әрекет етіп көреді.

Елімізде көпқабатты үйлерге өрт сөндіру техникасының кіру талаптары күшейтілді 

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты жаңа талаптар белгіленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды 

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды.

Ерлан Карин Джеки Чанмен кинематография саласындағы ынтымақтастықты талқылады 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-президент Ерлан Карин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті.