Салтанатты іс-шараның ашылуы Қазақстан Республикасының әнұранымен және жер бетіндегі бейбітшілік пен бақыт үшін қаза тапқан барлық батырларды құрметтеу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.
Іс-шара Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығы Даулет Рақымбековтың құтықтау сөзімен жалғасты «Бүгінгі және болашақ ұрпақтын есінде соғысқа қатысушылар әр-дайым есте қалатынына, олардын өз отанына және туған жеріне деген шексіз махабаттары жоғалмайтынына, Ішкі істер қызметкерлері отан қорғаушыларды әр-дайым еске алып, дәстүрді әрі қарай жалғастратынына, өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін аброймен атқаратынына кәміл сенемін. Бәрінізге зор денсаулық, бахыт, тыныштықпен бейбіт өмір тілеймін, Отанымыз үшін адал, аброймен қызмет етулеріне тілектеспін» деген сөздермен өз құтықтау сөзін аяқтап, ардагерлермен, қызметтте өздерін жақсы жағынан көрсеткен қызметкерлерді марапаттады.
ҚР Ішкі істер министрінің құқықтарымен №3 мекеме бастығы әділет майоры Нұрғали Әжіхановқа мерзімінен бұрын подполковник атағы берілді, сондай-ақ министрдің бұйрығымен бірқатар қызметкерлер арнаулы атақтан бір саты жоғары атақпен, «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, құрмет грамотасымен марапатталды, ҚАЖ Комитет төрағасының құқықтарымен ерекше көзге түскен қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды. Департамент бастығы әділет полковнигі Д.Б. Рахымбековтың құқықтарымен Департамент және оның бөлімшелерінің қызметкерлері «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен алғыс хатпен, грамотамен марапатталды, сонымен қоса, жас қызметкерлердің ата-аналары да марапатталды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановтың құқықтарымен өзара іс-қимыл жасағаны үшін Департамент пен оның бөлімшелерінің қызметкерлері «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Отан қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне және Ұлы Отан соғысының жеңісінің 78 жылдығына орай ҚАЖД басшылығы ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтары мен жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерінде елордалық ҚАЖД-мен өзара белсенді іс-қимыл жасайтын азаматтық белсенділермүшелеріне алғыс хаттар табыс етті.
Мерекелік бағдарламада Департамент қызметкерлерінің құрамынан құрылған хордын орындауында «Катюша», «Алия», «Журавли» әскери әндері шырқалды, сондай-ақ эстрада әншілерінің орындауындағы басқа да патриоттық әндер шырқалды.


