Ағымдағы жылдың 16 мамырында Ақмола облысы Аршалы кентінде орналасқан астана қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты №2 мекемесінің базасында Департамент басшылығының ұйымдастырумен мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұлғайту бойынша жұмыстық кездесу өткізді. Жұмыстық кездесуге Бас прокуратураның 2 департаментінің прокуроры әділет кеңесшісі Е.А Тайкешов, «Енбек» РМК бас директоры Р.С Апеков және жеке кәсіпкерлер мен өндіріс ашуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры және Аршалы аудандық әкімшілігінің кәсіпкершілік бөлімінің басшысы келіп қатысты. Кездесуді Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Д.Б Рақымбеков ашты. «Қазіргі таңда сотталғандарды оның ішінде сот үкімі бойынша атқару парақтары бар сотталғандарды барынша еңбекпен қамту үшін, өндірістерді ашып қосымша жұмыс орындарын құру керек»,- екенін айтып жеткізді.
Мекеме бастығы әділет подполковнигі Н.С Беков қосымша жұмыс орындарын құру және ашу бойынша баяндама хатын оқып шықты. Жұмыс кездесу барысында барлық өзекті мәселелер және олардың шешілу жолдары қаралды. Бас прокуратураның 2 департаментінің прокуроры әділет кеңесшісі Е.А Тайкешов «Енбек-Аршалы» РМК филиалының өндірістік аймағында қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныстарын өзінің баяндамасын айтып шықты. «Енбек» РМК бас директоры Р.С Апеков жоғарыда айтылған өзекті мәселелерді қарастырып шешім қабылданатынымен қорытындылады.
Жұмыс кездесуі мекеме аумағындағы өндірістік аймақтағы цехтарды аралаумен аяқталды.


