Елордалық тергеу изоляторына дінді зерттеу орталығының өкілдері келді

111

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандарына арналған дінді зерттеу орталығының өкілдері М. Қыстаубаев пен Д.Тойғылы патриоттық сипаттағы   Қазақ хандығы» фильмін көрсетті.

«Қазақ хандығы» – жас қазақ мемлекетінің тұс-тұстанан талаған сыртқы жаулармен арпалысын баяндайды. Қазақ хандары Керей мен Жәнібек өздеріне тиесілі «Ақ Орда» ұлысы мен астанасы Сығанақты  қайтарып алады.

Фильмде шиеленіске толы шытырман оқиғалар, жарқын майдан сахналары мен ауыр сынақтары, ащы жеңіліс пен қуанышты жеңіс сәттері қатар көрініс тапқан. Осы фильімді көру арқылы шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары Қазақ хандығының құрылуы мен еліміздің тәуелсіз ел болып құрылуы туралы көптеген ақпарат алды.