Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті №3 мекемесінде САӘПжТЖ бөлімінің ЕТО бойынша аға инспекторы әділет аға лейтенанты А.М.Утелбаевпен Астана қаласы Әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығының» өкілдерімен бірлесе, босатылатын сотталғандарға жұмысқа орналастыру және әлеуметік көмек алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында босатылатындарға құжаттарды қалпына келтіру, кәсіп табу, жұмысқа орналасу жолдары айтылды.
«Мұндай түрдегі консультативтік кездесулер тұрақты сипатқа ие», — деді №3 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры М.Жакишев.


