spot_img
spot_img

Елге құрмет – адал қызмет

Өркениетті қоғам орнатуда ең жауапты істер мемлекетік қызметшілерге жүктеледі. Сол себепті де олар қоғамның айнасы саналады. Мемлекеттік қызметшілердің имиджі мемлекеттің беделін көтереді. Биыл «Мемлекеттік қызметші» күніне он жыл толады.

Мемлекеттік қызметкерлер жұртшылықпен тікелей жұмыс істейтіндіктен, оларға әрқашан да жоғары талаптар қойылады. Мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі қаншалықты жоғары болса, оның өзіндік артықшылықтары жетерлік. Солардың атап айтарлығы – тұрақтылық, яғни, біліктілігіңді ұдайы арттыруға, сол арқылы мансаптық өсуге мүмкіндік бар. Тұрақты жалақы, еңбек демалысы, ертеңіңе алаңдамай еңбек етуге қолайлы жағдайлар жасалған. Жұмыстан қысқарып қалған кездің өзінде өтемақы төленеді. Мемлекеттік қызметте гендерлік теңсіздікке жол берілмейді.

Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында «Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету» жобасы іске асырылып жатыр. Жобада мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және қызметтік жағдайларын кешенді түрде жақсарту шаралары көзделген. Мемлекеттік қызметтің жастарға берер мүмкіндігі мол. Сондықтан, олардың  басты міндеті елге адал қызмет ету.

Кез келген қызметкері халыққа жақын болып, ел мүддесін басты орынға қоя білген елдің болашағы жарқын болады. Мысалы, адам тағдырын таразылайтын судьялардың басты міндеті елде әділ сот төрелігін орнату болса, халық та соған орай олардан әрбір істе «қара қылды қақ жаратын» әділдікті талап етеді.

Өркениетті қоғам орнату мемлекеттік қызметкерлерге тікелей байланысты десек, сенім үддесінен шыға білу біздің басты міндетіміз.

Тұрсын Қошаева, ҚР Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің персоналды басқару бөлімінің(кадр қызметі) басшысы

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...