Екі жақты келісім оң нәтиже береді деген сенімде

Түркістан қалалық пробация қызметі мен қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстары орталығы арасында түзеу мекемелерінен босап шыққан және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдарға әлеуметтік, құқықтық көмек беру мақсатында екі жақты өзара ынтымақтастық келісімге қол қойды.

Екі тарап жаза басып қателік жасағандардың қайта қылмыс жасамас үшін әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Түркістан қалалық ПҚБ бастығының орынбасары Әділет Ерманов пен қалалық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстары орталығы» КММ-і басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Намазхан Құдреттолла үсіміздегі жылдың соңына дейін атқарылатын істерді талқылады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта екі тарап пробация қызметінде тіркеуде тұрған сотталғандардың заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындалуын бақылау мақсатында іскерлік қатынасты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты нығайту жөнінде осы келісім шартты түзді.

Аталған келісім екі жаққа да тиімді болады деген сенімдемін. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көртеміз. Сонымен қатар қаладағы жастармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әдістемелік, ақпараттық заң және өзге де көмек көрсету арқылы қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған адамдар арасында ішімдіксіз, салауатты өмір салтын енгіземіз. Сондай-ақ, тіркеуде тұрғандарды қоғамдық пайдалы жұмысқа қайтару бағытында жұмыстар жүргізіледі. Пробация қызметінің есебінде тұрған жастар санатына кіретін сотталған адамдарға біліктілігін көтеру немесе қайта даярлау курстарынан өтуіне жәрмдесуге ықпалдық көрсетеміз. Сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында әртүрлі көмек қолын созамыз, — деді «Жастар ресурстары орталығы» КММ-і басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Намазхан Құдреттолла.

Бұл екі жақты келісімнің басты мақсаты, пробациялық топтағы азаматтардың заң мен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындалуларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және де сотталғандарды түзелу жолына түсіру болып табылады. Сонымен қатар, олардың қайта қылмыс жасаудың алдын алуға, сотталған адамның жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауына көмектесу. Ал сотталғандардың әлеуметтік-құқықтық көмек алудың негізгі бағыттарының бірі, білім алу, өз кәсібін ашу, тұрақты ждұмысқа орналасу, емделу және өздеріне қажетті құқықтық кеңестер алуына мүмкіндік туғызады.

Әрине, біздің ең басты мақсатымыз өмірде қателіке ұрынып пробация қызметінің бақылауына алынған адамдарды қоғамға бейімдеп, олардың қайта қылмыс жасамауына, өмірден өз орындарын табуына жол сілтеу болып табылады. Үкіметтік және үкіміттік емес мекемелер арасындағы келісімнің арқасында көптеген іс атқарылып келеді. Пробация қызметіне тіркеуге алынған әрбір сотталғаның жағдайымен танысамыз.

Олардың отбасына қажетті көмекті көрсетуге тырысамыз. Сонымен қатар, алдағы уақытта жастар ұйымдарының бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеу басты назарда. Әкімдікке қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдесу. Сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведмствоаралық комиссиясына қатысу үшін шақыру туралы ұсыныс енгізу болып табылады, — деді Түркістан қалалық ПҚБ бастығының орынбасары Әділет Ерманов.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...