spot_img
spot_img

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫЛАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бар саналы ғұмырын еңбекке арнап, тер төккен аға буын өкілдерінің зейнет демалысына шыққаннан кейін өздерін елеусіз, ескерусіз қалғандай сезінетіні рас. Осы орайда Батыс Қазақстан облысында бұл мәселе оң шешімін тауып, Орал және Ақсай қалаларында зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары жұмыс істеуде. – Аталған орталықтар аға буын азаматтарын қоғамның мәдени өміріне тарта отырып, оларды қолдау, дене шынықтыру мен спортқа, қызықты сабақтарға және ерікті қызметке тартуда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде зейнеткер жасына келген азаматтарға қызмет көрсету мақсатын көздейді, – дейді БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д.Исқақова. Ділдәш Салауатқызының айтуынша, 2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ашылған Ақсай қаласындағы орталыққа тұрақты түрде келетін 86 адамға психолог, дәрігер, спорттық жаттықтырушы, заңгер, қазақ және ағылшын тілінің мұғалімдері қызмет көрсетеді. Домбыра және қолөнер үйірмелері ашылған. Алғашқы жартыжылдықта 366 қызмет түрі көрсетілген. Ал биылғы сәуір айында Орал қаласында да дәл осындай орталық есігін айқара ашты. Мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған «Алматы жас дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі орташа жас мөлшері 65 жасты құрайтын 45 тұрақты қатысушы үшін скандинавиялық серуендеу, йога сабақтары, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары, семинарлар мен тренингтер, компьютерлік сауаттылық, психолог пен заңгер кеңесі, сурет салу және кескіндеу, шығармашылық шеберлік курстары, емдік дене шынықтыру, мәдени және ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды. Мамыр айының өзінде орталық мүшелеріне 2400 қызмет түрі көрсетілген. Аталған орталықтардың «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының 82-тармағындағы «Әрбір өңірде аға буын адамдарының өмір сүру сапасын, дербестігін арттыру және денсаулығын нығайту» бөлімін жүзеге асыру жолында ашылғанын айта кеткен жөн.

Айгүл АХМЕТОВА, «Заң газеті»

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие...

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Институт следственных судей: история возникновения и развитие

В своем Послании народу Казахстана от 16.03.2022 года «Новый...