Діни экстремизмге жол жоқ

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.

Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм  мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Қазақ халқында: «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің», — дейді. Қазіргі таңда діннің қасиетінен гөрі қасіретіне көбірек куә болудамыз. Әлемде неше түрлі жағдайлар орын алып жатқан шақта ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты, әрі маңызды іс-шаралардың бірі болып табылатындығы сөзсіз. Бүгінгі күндері елдің, жастарымыздың дінге бет бұруы, еліміздің дін бостандығын көптеген діни ағымдар мен адамдардың өз мақсаттарына пайдаланып, егемендігімізге нұқсан келтіруге тырысып отырғандығы жасырын емес. Өкінішке орай, кейбір қыздар мен жігіттер мәселенің мән-жайына бармай, теріс үгіт-насихатқа көзсіз көбелектей еліктеп, еріп кетуде. Әсілі, ислам дінінің діттегені бүлік емес, бірлік екенін ізгі ниетті адамдар айтудай-ақ айтып келеді. Өйткені, дін – адамгершілік, мейірім, ізгілік пен имандылықты алға жетелейді. Өкінішке орай, соған қарамастан бүйректен  сирақ шығарып, теріс жолға бұра тартатын жат ағым адамдары да бар көрінеді.

Жалпы діни экстермизмнің қай аймақта болмасын (Қазақстан бойынша) таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Ең алдымен бұл діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Бұл жерде Абайдың иманды «якини» және «тақлиди» деп бөліп қарастыруы өзекті болуда. Мұның алғашқысы танымнан, ақыл дәлелінен туындайтын шын иман. Екіншісі «өзі ештемені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім, үстірт наным» – бұл қазіргі қоғамға тән, діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр.

Ислам – қоғам ішінде бейбіт өмір мен тәртіп сақтауға шақыратын дін. Бұл әрбір адамның Алланың алдындағы, өзгелердің алдындағы мұсылмандық міндеттерін толық орындауына мүмкіндік береді. Олай болса, үлгілі мұсылман адамы өз мемлекетінің заңдарын сыйлайды, онда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен тыныштық болуын қалайды, оның экономикалық жағынан дамуына қажыр-қайратын жұмсайды. Діні әлсіз мемлекеттің рухы берік бол­майды. Ата-бабаларымыз осынау ұлан байтақ жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап, ұр­пағына аманат етті. Енді сол дәстүрді келешек ұрпаққа аманат ету бүгінгі жастардың басты парызы.

Тұрғындардың арасында, әсіресе жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге негізделген діншілдікке әкеледі. Мұндай соқыр сенім діни фундаментализмнің, сәйкесінше діни фанатизмнің алғышарттары болуда. Фундаменталисттік көңіл-күй экстремизмге апарар жол, өйткені экстремисттік пайымда өзінің ғана діни ұстанымы ең шынайы, ақиқат әрі таза деп ұғынылады. Сәйкесінше, өзге дін өкілдеріне төзімсіздік, қысым көрсету секілді көңіл-күй туындайды. Мұндай ұстаным өз сенімін, көзқарасын мейлінше кең тарату, қажет болса күштеп таңу әрекетіне саяды. Осы жағдайда, діни мотивтегі терроризм көрінісі мен оның өкінішіті салдары орын алады.

Жалпы, мұсылмандардың бір болуын қамтамасыз ететін мыңдаған себеп бар. Мәселен, дініміз ортақ, Құранымыз, Пайғамбарымыз, мәзһабымыз, жеріміз, көгіміз ортақ, салтымызбен, дәстүріміз, тарихымызбен мәдениетіміз де ортақ. Яғни, Отанымыз да ортақ. Осыларды дұрыс сезіне білсек, бөлінушілікке орын қалмас еді. Енді еліміздәң ертеңі үшін халқымызға, Отанымызға тер төгіп қызмет етуде де ой-түсінігіміз, сеніміміз, бет алған бағыт-бағдарымыз да ортақ болып жатса, нұр үстіне нұр болмақ.

Алматы облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы: Ерлан Матаев

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...