“Допинг” жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында, 16.07.2023 жылы ҚАЖД қарасты 53 мекемесінің жедел бөлімі жедел іс-шараларды жүргізу барысында, сағат 01-30 шамасында, Шымкент қаласы, Қапал батыр көшесі бойынан “Скутер” мотокөлігімен өтіп, мекеменің аумағына белгісіз заттарды лақтырып енгізуге әрекет еткен 2 тұлғаны ұстаған. Оқиға орнына Еңбекші АПБ-ның жедел тергеу тобы шақырылған. Мекеменің 101 бағана тұсынан тәркіленіп алынған 1 дана домалақ тәріздес заттың ішінен, хош иісі бар “марихуанна” есірткі затына ұқсас зат және “Скутер” мотокөлігінің қасынан дәл осындай 2-ші домалақ тәріздес зат тәркіленіп алынған. Тәркіленген заттар сот сараптамасына жолданып, ұсталған азаматтар А.Н және А.А қатысты ҚР ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.


