Динара СЕЙДЖАПАРОВА, БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы атқарушы директоры: «ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ — ТЕХНОЛОГИЯ ЕМЕС, АДАМ»

Қазақстан цифрландыру саласында айтарлықтай серпіліс жасады. Алайда жаңа технологиялар дамыған сайын дербес деректердің қауіпсіздігі, азаматтардың құқықтары мен цифрлық жүйелердің тұрақтылығы мәселесі де өзекті бола түсуде. 2026 жылғы 14 қазанда Алматыда өткен Qazaqstan Internet Governance Forum (IGF 2026) аясында интернетті көпжақты басқару, жасанды интеллект, цифрлық қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелері талқыланды. Осы орайда БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы атқарушы директоры, халықаралық даму және корпоративтік басқару саласындағы сарапшы Динара Сейджапарованы сөзге тартқан едік.

– Динара Нұрланқызы, форумда интернетті көпжақты басқару мен тұрақты даму арасындағы байланысты сөз еттіңіз. Бұл мəселенің Қазақстан үшін маңызы қандай? – Менің ойымша, біз ең алдымен интернет пен цифрлық технологияларды тек техникалық инфрақұрылым немесе экономикалық тиімділікті арттыру құралы ретінде қарастырудан арылуымыз керек. Бүгінде цифрлық кеңістік – азаматтардың құқықтары, экономикалық мүмкіндіктері, білім алуы, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі жəне қоғамдық өмірге қатысуы тоғысатын маңызды орта. Сондықтан интернетті басқару мəселесі тек мемлекетке немесе технологиялық компанияларға ғана қатысты емес. Бұл – бүкіл қоғамның мүддесін қозғайтын мəселе. Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттары тұрғысынан қарасақ, цифрлық технологиялар кедейлікті азайтуға, сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, экономикалық өсуді ынталандыруға жəне тиімді институттарды дамытуға мүмкіндік береді. Алайда технологияның өзі автоматты түрде тұрақты дамуға алып келмейді. Мұның бəрі оның қалай басқарылатынына, кімге қызмет ететініне жəне қоғамның барлық топтарына қаншалықты қолжетімді екеніне байланысты. – Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерін қалай бағалайсыз? – Шетелдерге жиі сапар шегетін адам ретінде еліміздің цифрлық трансформацияда қаншалықты алға жылжығанын байқамау мүмкін емес. Шынымды айтсам, кейде халықаралық кездесулерде Қазақстанның осы бағытта əлемдегі көптеген дамыған мемлекеттерден озып кеткенін мақтанышпен айтамын. Мысалы, Жапония – технологиялық дамуымен əлемге танылған мемлекет. Бірақ күнделікті тұрмыста қолма-қол ақша əлі де кеңінен пайдаланылады. Америка Құрама Штаттарында да қағаз құжаттар, чектер мен дəстүрлі қаржылық рəсімдер сақталған. Ал Қазақстанда біз көптеген мемлекеттік қызметті телефон арқылы аламыз, банк операцияларын бірнеше секундта жүзеге асырамыз, күнделікті төлемдердің басым бөлігін цифрлық форматта жүргіземіз. Бұған отандық қаржы институттары да зор үлес қосты. Атап айтқанда, Halyk Bank, Freedom Finance, Банк ЦентрКредит, сондай-ақ Қазақстанның қаржы жүйесіндегі басқа да банктер мен қаржылық экожүйелер цифрлық қызметтің дамуына, қаржы өнімдерінің қолжетімділігіне жəне инновациялық шешімдердің енгізілуіне ықпал етуде. Бүгінде цифрлық банкинг қазақстандықтардың өмір салтына айналды. Бұл – еліміздің үлкен жетістігі. Бірақ дəл осы жетістіктер бізді жаңа, əлдеқайда күрделі сұрақтарға алып келеді. – Қандай сұрақтар туралы айтып отырсыз? – Ең алдымен қауіпсіздік пен сенім туралы. Біз цифрландырудың жылдамдығына, ыңғайлылығына жəне экономикалық тиімділігіне ерекше назар аударып келдік. Алайда цифрлық жүйе лерге тəуелділік өскен сайын олардың осал тұстары да қоғам үшін үлкен қауіпке айналуы мүмкін. Бүгінде біздің жеке мəліметтеріміз, қаржылық операцияларымыз, медициналық ақпаратымыз, мүліктік құқықтарымыз жəне көптеген басқа маңызды деректеріміз электрондық жүйелерде сақталады. Егер бұл ақпаратқа заңсыз қол жеткізілсе, жүйелер істен шықса немесе деректер жоғалса, оның салдары бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның өміріне əсер етуі мүмкін. Менің ойымша, Қазақстанда цифрландырудың жоғары деңгейіне байланысты дербес деректердің таралуы мен киберқауіпсіздік тəуекелдеріне ерекше назар аудару қажет. Сондықтан біз цифрлық дамудың келесі кезеңінде басты басымдықтардың бірі ретінде қауіпсіздікті, жүйелердің тұрақтылығын жəне азаматтар құқықтарын қорғауды қарастыруымыз керек. – Сонда сіз дамыған елдерде сақталған қағаз құжат айналымының белгілі бір артықшылықтары бар деп есептейсіз бе? – Бұл мен үшін соңғы уақытта ерекше маңызды болып жүрген мəселе. Біз көбіне қағаз құжаттарды бюрократияның белгісі деп қабылдаймыз. Ал толық цифрландыруды дамудың ең жоғары сатысы ретінде қарастырамыз. Бірақ Жапонияда, Америка Құрама Штаттарында жəне басқа да дамыған мемлекеттерде кейбір дəстүрлі рəсімдердің əлі күнге дейін сақталғанын байқадым. Əрине, мұның бəрін технологиялық артта қалу деп бағалауға болмайды. Мүмкін, кейбір жағдайларда мұндай жүйелер тəуекелдерді төмендетуге, ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге немесе маңызды операцияларды қосымша тексеруге мүмкіндік беретін шығар. Бұл жерде қағаз құжаттарға жаппай қайта оралу керек деп отырған жоқпын. Бірақ біз «барлық процесті толық цифрландыру қауіпсіз жəне дұрыс шешім бе?» деп ойлануымыз қажет. Мемлекеттік басқаруда, меншік құқығын тіркеуде, маңызды құқықтық рəсімдерде немесе стратегиялық ақпаратты сақтауда белгілі бір қосымша қорғаныс тетіктерін қарастыру қажет болуы мүмкін. Менің ойымша, бұл мəселені цифрландыру саласындағы мамандармен, мемлекеттік органдармен жəне құқық қорғау саласының өкілдерімен талқылау қажет. Өйткені цифрлық трансформацияның мақсаты – қағаздан толық бас тарту емес, азаматтарға қауіпсіз, тиімді жəне сенімді қызмет көрсету. – Интернетті көпжақты басқару қағидаты мəселелерді шешуге көмектесе ме? – Көпжақты басқарудың негізгі идея сы – интернеттің болашағына қатысты шешімдер бір ғана тараптың қолында болмауы керек. Мемлекет, жеке сектор, азаматтық қоғам, ғылыми қауымдастық, халықаралық ұйымдар жəне технологиялық сарапшылар бірлесіп жұмыс істеуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – қоғамдық мүддені қорғау, құқықтық негіз қалыптастыру жəне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бизнестің міндеті – инновацияны дамыту, жауапты технологияларды енгізу жəне пайдаланушылар алдындағы жауапкершілігін түсіну. Ал азаматтық қоғам азаматтардың құқықтарын, инклюзивтілікті, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Тараптардың бірлескен жұмысы ғана технологиялық дамудың нəтижесін бүкіл қоғам игілігіне айналдыра алады. БҰҰ Жаһандық шартының қызметінде де біз дəл осы қағидатты басшылыққа аламыз. Біздің міндетіміз бизнес құрылымдарын – тұрақты даму, адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіру. Цифрлық экономикада бұл қағидаттар бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Менің ойымша, интернетті басқарудағы ең маңызды қағидат – технология адамға қызмет етуі керек, ал адам технологияға тəуелді болып қалмауы тиіс. – БҰҰ Жаһандық шарты осы бағытта қандай рөл атқарады? – БҰҰ Жаһандық шартының басты міндеті – бизнесті жауапты əрі тұрақты даму қағидаттарына негізделген қызметке ынталандыру. Бүгінде бизнес тек экономикалық өсудің қозғаушы күші ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы маңызды өзгерістердің белсенді қатысушысы. Əсіресе цифрлық экономикада компаниялардың жауапкершілігі

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...