Департамент басшысы Шынарай Әлімхан Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет заңнамасына жаңадан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жүргізді. Департаменттің басқарма басшысы Нұржан Узбеханов мемлекеттік қызметшілерге құмар ойын мекемелеріне баруға тыйым салынғандығы және алдағы уақытта бақылау жүргізілетінін атап өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысында мемлекеттік қызметке қабылдану бойынша өзгерістер, мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері бойынша және қызмет барысында туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта жалғасады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Л.Н. Науқанбай
Алматы қаласы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
басқармасының бас маманы


