12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ДЕМОКРАТИЯ – ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ӨЛШЕМІ ЕМЕС

9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күні. Мемлекет пен халықтың қаржысын талан-таражға салушылар қай дәуірде, қай елде болмасын қоғам өкілдері үшін ең көкейкесті мәселе болды. Бұл туралы ғұламалар қаншама еңбектер жазып, одан сақтанудың түрлі жолдарын ұсынса да, жемқорлықты түбегейлі жоя алған жоқ. Байлық пен атақ-даңқ үшін билікке таласып, өзгелерге шапқыншылық жасап, ата-анасын, бауырларын, туыс-туғанын құрбан еткен билеушілер барлық елдің тарихында аз емес.

Олардың кейбірі өз қылмысын бүркемелесе, екіншілері ашық түрде жасады. Сондықтан әлі күнге дейін біреулер қаһарман санайтын тұлғаларды, екіншілер диктатор, үшіншілер басқыншы санайды. Сондықтан адамзат тарихында олардың бұл әрекетіне әлемдік қауымдастық тарапынан да, жеке елдердің билік органдары тарапынан да лайықты баға берілмей отыр. Сол себепті де, сыбайластық пен жемқорлықтың тамырына балта шабатындай тиімді құралды ешкім таба алған жоқ. Оны ауыздықтауда заң да дәрменсіз. Өйткені, барлық елдің заңнамасында алаяқтық, жемқорлық, ұрлық – ауыр қылмыс саналғанымен, оның жазасы әркелкі. Біреулер оларды жасаған қылмысына қарай соттап, түрмеге қамау арқылы азайтамыз десе, екіншілері көпшілік алдында саусағын, қолын кесіп, дарға асу арқылы мәселені шешуге болады деп санайды. Үшіншілері, жемқорлардың дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекетке, жеке адамға келтірген шығынын толық немесе артығымен өтеген жағдайда, қызметіне белгілі бір шектеулер қою арқылы кешірім жасағанды жөн көруде. Соның нәтижесінде өз елінде заңсыз жолмен тапқан табысын өзге елдерде заңдастырып, жазадан сытылып кетушілер әлі аз емес. Зерттеушілер Transparency International сияқты ұйымдардың мәліметтерін негізге ала отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті төрт санатқа бөліп отыр. Біріншісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер. Екіншісі, сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер. Үшінші, сыбайлас жемқорлықпен өте келелі мәселелері бар елдер. Төртіншісі, сыбайлас жемқорлық айрықша байқалатын елдер. Өйткені, демократияның көрсеткіштері елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін толық ашып көрсете алмайды. Себебі, зайырлылықты мемлекет пен діни сенім бостандығының арасындағы айырмашылықтан іздеушілердің келтіретін уәжі дәлелденген жоқ. Сыбайлас жемқорлықты ең демократиялы деп саналатын дамыған елдер де әлі толықтай жоя алмауда. Мәселен, мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың жаһандық көрсеткіші саналатын Transparency International ұйымының Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан былтыр 180 елдің ішінде – 101 орын алды. Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сингапур бастаған тізімде көршілес және Еуразиялық экономикалық одақтағы серіктестерімізден Армения – 63, Қытай – 65, Беларусь – 91, Өзбекстан – 126, Ресей –137, Қырғызстан –140, Иран –147, Тәжікстан –150, Әзірбайжан –157, Түрікменстан 167 орыннан көрінді. Онда алдыңғы жылғы көрсеткішін Қытай, Қырғызстан, Иран, Түрікменстан сақтап қалса, Армения, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Әзірбайжанның көрсеткіші төмендеп, тек Өзбекстанның көрсеткіші жоғарылағанын байқауға болады. Әлемнің өзге мемлекеттері секілді Қазақстанда да сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады. Бұл бағытта 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданған болатын. Еліміз 2003 жылғы 31 қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап, 2004 жылы Жемқорлықпен күрес бойынша Стамбұл әрекет жоспарының қатысушысына айналды. Сондай-ақ 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң қабылданып, «ҚР 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры Асхат Жұмағали төрағалық ететін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтар сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша жиі ұшырайтын – кеден ісі, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негіздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша кешенді жоспар бекітілді. Мысалы, кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері лауазымды тұлғалардың банк шоттарынан тыйым салуларды жедел алу, есептілікке түзетулер енгізу, жүк таситын автокөлік құралдарын кедендік тіркеуден кедергісіз өту, әкімшілік жауаптылыққа тартпау, жалпы қамқорлық жасау және басқалар үшін заңсыз сыйақылар алу мүмкіндігімен байланысты. Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністері: кемшіліктері және шалағайлықтары бар жобалау-сметалық құжаттаманы пайдаланумен; іс жүзінде орындалмаған жұмыс түрлері үшін бюджет қаражатының аударылуымен; объектінің ағымдағы, орташа жөнделуі немесе құрылысы бойынша қызметтер көрсетуге өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттарының жылдың соңында жасалуымен; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиялау кезінде маңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын кемшіліктердің бар болуымен үйлестірілген. Білім беру саласында сыбайлас жемқорлық еңбек мәселелерін шешу және мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезінде парақорлықпен және бюджет қаражатын жымқырумен байланысты. Егер 2022 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамаға көз жүгіртер болсақ 2022 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 1 724 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеген. 2021 жылы оның саны – 1 557 болған еді. Ал ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстарына тоқталар болсақ пара беру былтыр 549-дан 568-ге; алаяқтық 160-тан 311-ге өссе; пара алу 449-дан 446-ға; лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану 123- тен 110-ға; сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету 116-дан 87-ге төмендеген. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 725 адам сотталды (2021 жылы 892 адам). Олардың ішінде: ішкі істер органдарының қызметкерлері – 187 (207), әкімдік қызметкерлері – 143 (145), әкімдер – 7 (5), Қаржы министрлігі – 40 (34), Ауыл шаруашылығы министрлігі – 18 (19), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 14 (5), Денсаулық сақтау министрлігі – 5 (16), Төтенше жағдайлар министрлігі – 5 (5), экономикалық тергеу қызметі – 5 (4), прокуратура – 5 (3), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 5 (2) адам, судьялар – 2 (3) және де басқа тұлғалар болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1118 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеп, 1016 адам әшкереленді. Сотқа дейінгі аяқталған тергеулер бойынша өтелген залал сомасы 108 млрд теңгені құрады. Агенттік бұдан бөлек, 653 млрд теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.

Азаматхан ӘМІРТАЙ, «Baytaq» жасылдар партиясының төрағасы: – Қазақстандағы жемқорлықтың негізін қалап отырған – олигархтар. Олар бірбірімен таныстық, туыстық қатынаста осындай іс-әрекет жасайды. Сондықтан жемқорлықпен күрес жүргізу үшін ең бірінші идеологиялық жұмыс жүргізуіміз қажет. Жемқорлықтың біздің дамуымызды қаншалықты тежейтінін түсіндіруіміз керек елге. Бұл болашаққа апат әкелетін індет. Жемқорды өз үйінде ұрлық жасаған адам деп есептеуге болады. Бізде қай саланы алсақ та жемқорлық өршіп тұр. Сондықтан жемқорлықпен айналысқан адамдарға ату жазасын беру керек қой. Сол кезде қалғаны бірден қояды. Егер 1-2 әкімге, 1-2 министрге ату жазасын беретін болса елдегі жемқорлық та бірден азаяр еді. Сондай-ақ, шындықты айта алатын саяси партиялардың Парламентке өтуіне мүмкіндік беру де жемқорлыққа тежеу бола алары анық. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: – Сыбайлас жемқорлық – қоғамымызды құртып, балаларымыздың болашағына кері әсерін тигізетін күрделі мәселе. Бұл біздің білім беру жүйеміздің тұтастығы мен әділдігіне нұқсан келтіреді, сондықтан онымен күресу біздің басты міндетіміз. Білім – ұлт болып дамуымыздың негізі. Білім саласындағы қаржылық заң бұзушылықтарды болдырмаудың бірінші қадамы – ашық және есеп беретін жүйе құру. Білім берудің барлық саласында және барлық құрылымында ашықтықты қамтамасыз ететін қатаң ережелер мен тәртіп әзірлеу қажет. Жемқорлық мүмкіндігін болдырмас үшін қазынашылық барлық қаржылық транзакциялардың құжаттарына тексеру жүргізу міндетін қосу және қаржы операцияларының қолжетімділігін арттыру керек. Оқу жылында 2 рет желілер туралы, контингент туралы және білім беру ұйымдарының штаты туралы есепті қайтадан жандандыру керек. Бухгалтерлік есеп жүргізетін ұлттық платформасын әзірлеу қажет және оны барлық еңбек, білім платформаларымен, оның ішінде НОБД ұлттық мәліметтер базасымен біріктіріп, интеграциялау өзекті. Екінші маңызды аспект – білім беру жүйесінде ашықтық принципі негізінде ұстаздарымыздың арасында этикалық нормалар мен құндылықтарды нығайту арқылы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет, онда әрбір тәрбиеші, әрбір ұстаз және әкімші сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өз рөлінің маңыздылығын түсінетін болады. Бұған білім беру бағдарламалары, этикалық тәрбие және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қатаң жаза қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Үшінші фактор – қоғамдық бақылауды енгізу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, үкімет, білім беру мекемелері және жалпы қоғам арасындағы ынтымақтастықты құру. Азаматтар сыбайлас жемқорлық істерін бақылауға және хабарлауға, қорғауды қамтамасыз етуге белсенді қатысуы керек. Білім беру саласындағы қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында келесі ұсыныстарды ұсынғым келеді: бақылау және қадағалау тетіктерін күшейту. Білім беру ұйымдарында қаржылық операцияларды бақылаудың тиімді жүйелерін құру. Бұған тұрақты ішкі және сыртқы аудиттер, қаржылық транзакциялар үшін қосарлы қол қою жүйесі және қаржылық операцияларды қадағалауға және тексеруге жауапты тәуелсіз комитеттерді немесе органдарды құру. Қаржылық операциялардың ашықтығы: Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы билік органдарына жолданатын трансферттердің, барлық қаржылық операцияларының ашықтығын қамтамасыз етуі керек. Қаржы министрлігі осы арада 1С бухгалтериясының ұлттық жаңа платформасын әзірлеп, оның НОБД базасымен интеграциясын қамтамасыз етуі, соның негізінде әкімдіктер қаржылық операцияларды цифрландыру арқылы шығыстар мен кірістер туралы есептерді жариялау, бюджет пен қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және халықтың қаржылық құжаттармен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Жауапкершілікті арттыру: қаржылық қызметкерлердің штатын көбейту, айлық жалақысын көбейту, білім саласындағы заң бұзушылығына жол берген қаржы және есеп қызметкерлеріне лицензия немесе одан әрі жұмыс жасауын тоқтататын механизмді енгізу. Білім басқарамалары жанынан аудит бөлімін құру, бірақ соған қарамастан жылына 1 рет мемлекеттік аудит өткізуді заңмен бекіту. Білім беру және әкімшілік-басқару персонал қаржылық менеджмент ережелері мен рәсімдеріне, сондай-ақ бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы онлайн семинарларын өткізу. Осы тақырып бойынша тұрақты тренингтер мен семинарлар қызметкерлерге тиімді қаржылық басқару дағдыларын дамытуға және адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Электрондық есепке алу жүйелерін енгізу: заманауи ақпараттық технологиялар мен электрондық есеп жүйелерін енгізу қаржылық процестерді автоматтандыруға және жеңілдетуге, сондай-ақ айла-шарғы жасау мен алаяқтық мүмкіндігін азайтуға көмектеседі. Ол нақты уақыт режимінде шығындарыңыз бен кірістеріңізді дәлірек бақылауға мүмкіндік береді. Қоғамдық бақылауды күшейту: білім беру ұйымдарындағы қаржылық операцияларды қадағалау процесіне ата-аналарды, студенттерді және қоғам өкілдерін белсенді тарту маңызды. Қаржы қызметі бойынша ашық форумдар, кері байланыс және есептер ұйымдастыру. Басқармаларда аудиторлық бөлім, мектептерде заңгер, білім бөлімдеріне смета жасаушы штатын енгізу шарт. Күрделі жөндеу жұмыстарының сапасыз болуы білім саласында ПСД-ға бақылау жасайтын кәсіби маман болмауынан. Аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі бухгалтер, экономист мемлекеттік қызметші болуы керек, қазіргі таңда олар азаматтық қызметшілер. Жауапкершілікті күшейту үшін өзекті қадам.

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Азаматхан ӘМІРТАЙ, «Baytaq» жасылдар партиясының төрағасы:

– Қазақстандағы жемқорлықтың негізін қалап отырған – олигархтар. Олар бірбірімен таныстық, туыстық қатынаста осындай іс-әрекет жасайды. Сондықтан жемқорлықпен күрес жүргізу үшін ең бірінші идеологиялық жұмыс жүргізуіміз қажет. Жемқорлықтың біздің дамуымызды қаншалықты тежейтінін түсіндіруіміз керек елге. Бұл болашаққа апат әкелетін індет. Жемқорды өз үйінде ұрлық жасаған адам деп есептеуге болады. Бізде қай саланы алсақ та жемқорлық өршіп тұр. Сондықтан жемқорлықпен айналысқан адамдарға ату жазасын беру керек қой. Сол кезде қалғаны бірден қояды. Егер 1-2 әкімге, 1-2 министрге ату жазасын беретін болса елдегі жемқорлық та бірден азаяр еді. Сондай-ақ, шындықты айта алатын саяси партиялардың Парламентке өтуіне мүмкіндік беру де жемқорлыққа тежеу бола алары анық.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Сыбайлас жемқорлық – қоғамымызды құртып, балаларымыздың болашағына кері әсерін тигізетін күрделі мәселе. Бұл біздің білім беру жүйеміздің тұтастығы мен әділдігіне нұқсан келтіреді, сондықтан онымен күресу біздің басты міндетіміз. Білім – ұлт болып дамуымыздың негізі. Білім саласындағы қаржылық заң бұзушылықтарды болдырмаудың бірінші қадамы – ашық және есеп беретін жүйе құру. Білім берудің барлық саласында және барлық құрылымында ашықтықты қамтамасыз ететін қатаң ережелер мен тәртіп әзірлеу қажет. Жемқорлық мүмкіндігін болдырмас үшін қазынашылық барлық қаржылық транзакциялардың құжаттарына тексеру жүргізу міндетін қосу және қаржы операцияларының қолжетімділігін арттыру керек. Оқу жылында 2 рет желілер туралы, контингент туралы және білім беру ұйымдарының штаты туралы есепті қайтадан жандандыру керек. Бухгалтерлік есеп жүргізетін ұлттық платформасын әзірлеу қажет және оны барлық еңбек, білім платформаларымен, оның ішінде НОБД ұлттық мәліметтер базасымен біріктіріп, интеграциялау өзекті. Екінші маңызды аспект – білім беру жүйесінде ашықтық принципі негізінде ұстаздарымыздың арасында этикалық нормалар мен құндылықтарды нығайту арқылы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет, онда әрбір тәрбиеші, әрбір ұстаз және әкімші сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өз рөлінің маңыздылығын түсінетін болады. Бұған білім беру бағдарламалары, этикалық тәрбие және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қатаң жаза қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Үшінші фактор – қоғамдық бақылауды енгізу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, үкімет, білім беру мекемелері және жалпы қоғам арасындағы ынтымақтастықты құру. Азаматтар сыбайлас жемқорлық істерін бақылауға және хабарлауға, қорғауды қамтамасыз етуге белсенді қатысуы керек. Білім беру саласындағы қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында келесі ұсыныстарды ұсынғым келеді: бақылау және қадағалау тетіктерін күшейту. Білім беру ұйымдарында қаржылық операцияларды бақылаудың тиімді жүйелерін құру. Бұған тұрақты ішкі және сыртқы аудиттер, қаржылық транзакциялар үшін қосарлы қол қою жүйесі және қаржылық операцияларды қадағалауға және тексеруге жауапты тәуелсіз комитеттерді немесе органдарды құру. Қаржылық операциялардың ашықтығы: Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы билік органдарына жолданатын трансферттердің, барлық қаржылық операцияларының ашықтығын қамтамасыз етуі керек. Қаржы министрлігі осы арада 1С бухгалтериясының ұлттық жаңа платформасын әзірлеп, оның НОБД базасымен интеграциясын қамтамасыз етуі, соның негізінде әкімдіктер қаржылық операцияларды цифрландыру арқылы шығыстар мен кірістер туралы есептерді жариялау, бюджет пен қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және халықтың қаржылық құжаттармен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Жауапкершілікті арттыру: қаржылық қызметкерлердің штатын көбейту, айлық жалақысын көбейту, білім саласындағы заң бұзушылығына жол берген қаржы және есеп қызметкерлеріне лицензия немесе одан әрі жұмыс жасауын тоқтататын механизмді енгізу. Білім басқарамалары жанынан аудит бөлімін құру, бірақ соған қарамастан жылына 1 рет мемлекеттік аудит өткізуді заңмен бекіту. Білім беру және әкімшілік-басқару персонал қаржылық менеджмент ережелері мен рәсімдеріне, сондай-ақ бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы онлайн семинарларын өткізу. Осы тақырып бойынша тұрақты тренингтер мен семинарлар қызметкерлерге тиімді қаржылық басқару дағдыларын дамытуға және адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Электрондық есепке алу жүйелерін енгізу: заманауи ақпараттық технологиялар мен электрондық есеп жүйелерін енгізу қаржылық процестерді автоматтандыруға және жеңілдетуге, сондай-ақ айла-шарғы жасау мен алаяқтық мүмкіндігін азайтуға көмектеседі. Ол нақты уақыт режимінде шығындарыңыз бен кірістеріңізді дәлірек бақылауға мүмкіндік береді. Қоғамдық бақылауды күшейту: білім беру ұйымдарындағы қаржылық операцияларды қадағалау процесіне ата-аналарды, студенттерді және қоғам өкілдерін белсенді тарту маңызды. Қаржы қызметі бойынша ашық форумдар, кері байланыс және есептер ұйымдастыру. Басқармаларда аудиторлық бөлім, мектептерде заңгер, білім бөлімдеріне смета жасаушы штатын енгізу шарт. Күрделі жөндеу жұмыстарының сапасыз болуы білім саласында ПСД-ға бақылау жасайтын кәсіби маман болмауынан. Аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі бухгалтер, экономист мемлекеттік қызметші болуы керек, қазіргі таңда олар азаматтық қызметшілер. Жауапкершілікті күшейту үшін өзекті қадам.

Е. КЕБЕКБАЙ,
«Заң газеті»

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгереді: мектептерде сабақ уақыты ауысуы мүмкін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу фонында мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты.

ТҰРМЫСТЫҚ ВАНДАЛИЗМ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛДЫ

Елімізде балаларға қарсы жыныстық зорлық жасағандар қалған өмірін темір...

Елімізде қанша шетелдік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейтінін хабарлады.

Қазақстанда жайлы мектептер салуға бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінеді

Қазақстанда жайлы мектептер салуға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге жұмсалады.

Алматы облысында бірнеше ауыл мен округ атауы өзгереді

Алматы облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округтер атауын өзгерту мақұлданды.