Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді — бас прокурор

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. ҚХА сессиясы кулуарларында журналистер бас прокурор Берік Асыловтан Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпаратты сұрады.

«Иә», — деп қысқа жауап берді Берік Асылов

Күдебаев қай елден жеткізілді деген сұраққа бас прокурор «Түркиядан», — деп жауап берді.

Еске салайық, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Ол 23 наурызда мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, сол күні Бішкектегі «Манас» әуежайынан Ыстамбұлға ұшқан.

Сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы шекарадан өтпегенін хабарлады.

Жеріне көпір құрылысы соғылып кеткен азаматтың құқығы сотта қорғалды

Азамат М.Пратовтың меншігінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу а/о,...

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...