Гендерлік теңдік көрсеткіші жақсарып келеді

Қазіргі қазақстандық қоғамда гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналып отыр. Яғни гендерлік теңдік жолында барлық жағынан қоғамдағы азаматар мен азаматшалардың құқықтық, әлеуметтік, саяси тұрғыдан тең болуына баса мән берілуде. Яғни гендерлік теңдікті жүзеге асыру демократияға қол жеткізудің, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтып, қоғамды жаңғыртудың негізгі факторларының бірі деуге болады.

Еліміздің саяси өміріне барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету мемлекетте демократия мен еркіндіктің, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Бүгінде еліміз әйелдердің саясатқа араласуына, олардың жай ғана саясатпен айналысып қана қоймай, шешім қабылдау деңгейінде араласқанына мүдделі болып отыр. Осы тұрғыдан келгенде көптеген жұмыстар да жасалып жатыр. Өйткені бұл – уақыт талабы. Осыған орай Мемлекет басшысы 2020 жылы саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізіп, бұдан бұлай партиялар мәжіліс пен мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттеген еді. Биыл жыл басында өткен сайлауда да бұл талапқа барынша мән берілді. Сарапшы мамандардың пайымынша, мәжіліс пен сенаттағы әйел депуттар санын көбейту кейбір заңдық мәселерді шешуде маңызды рөл атқарады. Өйткені кейбір заңнамаларды қабылдағанда бәрібір нәзікжандылардың ұстанымы, көзқарасы қажет-ақ!

Атап өтер жайт, елімізде әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі – күн тәртібінде тұрған проблеманың бірі. Осы бағытта соңғы жылдары көптеген жұмыстар жасалып, заңнамалар қабылданды. Қазіргі таңда барынша тұрмыстық зорлық зомбылық мәселесін шешу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мәселен соңғы өзгерістер бойынша тұрмыстық зорлық көрген әйел құқық қорғау орындарына арызданбаса да, отбасындағы тиранның қамалатыны белгілі болып отыр. Алдағы уақытта осындай қатаң шаралардың арқасында бұл бағыттағы көрсеткіш жақсарар деген үміт зор!

Абенова Жанат Тлеубаевна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы

22 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІН ТАҢДАДЫ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына биыл 127 мыңға жуық...

Мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі: заңның жаңа талаптары

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа «Қазақстан Республикасының...

Точка отсчета МЭКС: электросети Карагандинской области ждёт масштабное обновление

Электросетевое хозяйство Карагандинской области десятилетиями обеспечивало регион электроэнергией, несмотря...

Құмар ойындар мен мемлекеттік қызмет — бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті

Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі және өмірлік маңызы...