Бүгінгі қазақ қоғамында «Гендерлік саясат» деген сөз естілсе мұны феминистік қозғалыс дейтіндер де аз кездеспейді. Оны еркектерді басып, әйелдерді көтеру, шексіз билікке қол жеткізу деп түсінбеуіміз қажет.
Гендерлік теңсіздік көпшілік әлеуметтік құрылымда тереңдеп орнықты, қоғамдық пікір жыныстық теңсіздіктің біздің өмірімізде типтік емес, кездейсоқ құбылыс деп есептей отырып, үнемі әйелдердің кемсітушілікке ұшырауын бәрі-бәрі бағалай бермейді. Әйелді кемсіту фактісі әйелдердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне жасырын формада гендерлік әлеуметтік шиеленісті туындата отырып, теріс әсер етеді. Біршама ұзақ тарихи тәжірибе жинақтағанымен, адамзаттың өзінің бүкіл әлеуметтік қарама-қайшылықтарын шешуге қол жеткізе алмағандығы байқалады. Аналитиктер қоғамда әлеуметтік қатынастарды құрастырудың жаңа принциптерін әзірлеу, саяси ойлаудың ауқымды өзгеруі қажет деп атап көрсетті.
Гендерлік саясат дегенде адамдардың түсінігі әр түрлі. Гендер мәселесіне жан-жақты қарау қажет. Көбі гендерлік саясатты әйелден еркек жасау деп түсінеді. Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу боп табылады.
Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
Гендерлік саясаттың мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы.
Гендерлік саясатты қолдап, одан әрі жүзеге асыру барлығымыздың міндетіміз деп ойлаймын. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде қатысуда.
Маңғыстау облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы
З.К.Аманкулова


