Бөрлі ауданының аумағында 2023 жылдың 29 қаңтар — 17 ақпан айы аралығында «Профилактикалық бақылау» атты жергілікті профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Іс-шара кезінде Бөрлі ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп, аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайлары тексерілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
- аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталған тұлғаларға
бақылау жұмыстарын жүзеге асыру; - соттың үкімімен белгіленген міндеттердің орындалуын қадағалау;
- сотталғандардың түнгі уақытта сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00 дейін тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру, олардың жүріс-
тұрысына ерекше бақылау орнату; - сотталған тұлғалардың мамандандырылған органның рұқсатынсыз тұрғылықты немесе жұмыс орнын тастап кетпеуіне бақылау жасау;
- осы санаттағы тұлғалардың қайтадан әкімшілік құқық бұзушылықтар
мен қылмыс фактілерін жасауын алдын алып, ескерту;
БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Бөрлі аудандық пробация қызметінің
аға инспекторы
әділет лейтенанты
Т.Г.Кушербаев


