12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БӘТЕҢКЕНІҢ БАУЫ

Атырау қалалық полиция департаменті  қылмысты іздестіру бөлімінің басшысы Ербол Жолдыбаевтың кабинетіне  кіргені сол еді стол үстіндегі  ішкі байланыс телефоны шылдырлап қоя берді. Көтеріп еді департамент басшысының хатшысы Уәзипа Сәрсенбай қызы екен.

-Жолдас Капитан! Сізді полковник Бауыржан Смағұлов  бөлім қызметкерлерімен  түгелдей жедел бас қосуға шақырып жатыр-деп хабарлады. «Әлбетте бірінші басшы бұлай бәрін бірдей шақыра бермейтін. Шамасы ,бүгінгі бас қосуда өте шұғыл мәселе қаралатын болды-ау», -деп  ой түйді де бүгінгі ақпараттарды жинақтап папкасына салып, бөлім қызметкерлерімен бірге  полковник Б.Смағұловтың кабинетіне кірді. Олардан бөлек облыстық басқарманың екі қызметкері шақырылыпты.

Қысқаша  амандық-  саулықтан соң  Б.Смағұлов:- Өздеріңізде біліп отырған боларсыздар, жағдайымыз онша мәз емес. Онша мәз емес-ау, тіпті нашар десе де болады. Міне, бүгін тағы бір қыз баланы  буындырып өлтіріпті. Онымен қоймай, тонап, айуандықпен жыныстық қатынас жасаған. Осымен айдың күні аманда  он бірінші  қыз-келіншек өліп отыр. Бұл тек соңғы екі айдың қорытындысы. Бүкіл республика бойынша  осыншама адам өлтіруге еш жерде жол берілмеген. Ел-жұртқа не бетімізді айтамыз?! Тергеу бөлімінің бастығы орыныңыздан тұрыңыз-деді қабағын қатулата- жолдас капитан екі ай болды ғой, сізге тапсырма бергеніме. Әлі күнге дейін бір ілік жоқ. Егер қылмыскерді іздестіру осы бағытпен жалғаса берсе жоғары жақтағылар басымыздан сипамайды. Тек қана мен емес, осы отырғандардың біразы қызметтеріңізден айырыласыздар. Қорқытып,үркітпеймін, қазіргі талап солай. Ербол  Жолдыбаев сіз және бүкіл бөлім қызметкерлері  қалған он күннің үшінде не қылмыскерді құрықтайсыздар, не болмаса иықтаға погондарыңмен қоштасасыздар-деп, салмақ сала сөйледі.

-Жолдас полковник! Барлық мүмкіндікті пайдаланудамыз-деді капитан-Е.Жолдыбаев.- Кісі өлтіруші біреу, бірақ әрекеттері әртүрлі. Ол  жауыздық мақсатын жүзеге асыру үшін түрлі телефондарды пайдаланып, соңынан олардың көзін жоғалтып отырған. Қылмыс орынында не саусақ таңбасын, не басқа да бұлтартпас айғақты заттарды қалдырмаған…

-Сонда ол  адам ба, жоқ, әлде шайтан  ба?-деп полковник Ерболдың сөзін бөліп жіберді.-Мүмкін емес , дұрыстап іздестіріңдер. Қандай көмек керек, бәрін жасаймыз.

-Барлық деректерді жинастыра мынандай тұжырымға келдік жолдас полковник! Қылмыскердің құрбандарының бір бөлігі пәтер жалдайтын жалғыз бастылар, екінші бір бөлігі жеңіл жүрісті  көркем қыз-келіншектер.Олардың  барлығы әуелі зорланып, артынан буындырып өлтірілген.Ақша, сырға—сақиналары тоналып, телефондары қоқыс салатын жәшіктерге  лақтырылып тасталған. Сол айналадан бірнеше бәтеңке бауын тауып алдық. Шамасы жемтіктерін сонымен тұншықтырған сияқты….

-Капитан! Осы бағыттан таймай, іздестіруді одан  әрі жалғастырыңдар. Меніңше енді дұрыс жолға түстіңіздер. Ең бірінші кезекте  қаладағы пәтер  жалдайтын көз тартар бойдақ  қыз-келіншектер мен жеңіл жүрістілерді тауып, солармен байланыс орнатыңдар. Алда-жалда күдікті, күманды  адамдар телефон шалса , сіздермен міндетті түрде хабарласуларын қатаң ескертіңдер. Іздестіру барысын күніне маған екі рет  айтып отырыңыздар. Осымен жиналысымыз бітті-деп департамен басшысы орынынан көтерілді.

Кабинеттеріне қайтып оралғаннан кейін капитан Е.Жолдыбаев қарамағындағылардың әрқайсысына бөлек-бөлек тапсырма берді:

— Аға лейтенент О.Зұлқарнаев сіз Дина базарын, лейтенент С.Көптілеуов қасыңызға екі  қызметкерді алып «Рахат» сауда орталығын, «Мерей» базарын,  лейтенант К.Мыржықбаев және аға сержант Т.Өтепбергенов сіздер «Көктем», «Люция» базарларында болып полковниктің жаңағы айтқан тапсырмаларын бұлжытпай орындайсыздар. Енді шегінетін, іздестіруді созбалаңға  салатын уақытымыз жоқ.Өлейік, тірілейік осы  аптада қылмыскерді ұстауымыз керек.-деп шегеледі де ,өзі қылмыс әлеміндегі жасырын жансыздарын арнайы пәтерге шақырып, олардың әрқайсысына нақты тапсырма берді.

Екінші күні лейтенант С. Көптілеуов хабарласты. «Рахат» сауда орталығындағы бір жесір келіншекке  тәуліктік жалдайтын пәтер керек деп бір жігіт телефон шалып, екі сағаттан кейін  келетінін айтқан екен,бір нәрседен күдіктенді ме  хабарласпай қойыпты. «Жә, ештеңе етпес.Дегенмен сақ болыңыздар, күдік туғызбаңыздар»деді де , іздестіруді одан әрі жалғастыру керектігін ескертті. Үшінші күні ешқандай өзгеріс болған жоқ. Тек төртінші күні  барып аға лейтенант О.Зұлқарнаев  «Диана» базарындағы  Е.есімді келіншекке  ер адамның  тәуліктік жалдауға үйін сұрағанын, пәтер ақысын қымбат төлейтінін, бүгін кешке баратынын айтыпты. Сенімді болуы  үшін алдын ала жарты ақшасыен төлеп қойыпты.

Аға лейтенант оперативтік жоспар бойынша үйге бейне камера, жасырын тыңдағыш құрылғы орнатқанын, қосымша есіктің артық кілтін жасатқанын айтты. Капитан қосымша тағы да төрт қызметкерді шақыртып  жай киім киініп үйді қатаң бақылауға  алуды тапсырды. Қылмыскердің терезеден секіріп кету мүмкіндігін ескеріп біріне маскүнемнің, екіншісіне жұмыссыз жүрген қаңғыбастың киімін киіндіріп  терезенің тұсына     отырғызды.

Сағат дәл бесте Е-ден «клиент келді» дегенді білдіретін арнайы белгі түскесін бейне камера мен тыңдағыш құрылғы іске қосылды. Үйдің қарсы бетіндегі жеңіл машинаға орналасқан құрылғылар арқылы Е.Жолдыбаев басқарған орперативтік қызметкерлер ендігі оқиғаны өз көздерімен көре бастады:

-Сәлематсыз ба? -деп  амандасты , есіктен енген сұңғақ бойлы , қараторы жігіт- Менің есімім-Жұмабек. Мана бір әзірде өзіңізбен хабарластым ғой. Үйіңіз де , өзіңіз де ұнап қалдыңыз-деді әзіл-шыны  аралас. –Қойыңызшы ,- деп қылымсыды Е.-Ең бастысы үйім ұнаса болды деп- Жұмабекке қонақ бөлмені көрсете бастады.- Тамаша, өте тамаша! Енді жуынатын бөлмені көруге болады ма?

-Неге болмасын-деп,  Е.алға түсті.Есіктен енді аттай бергенде мойынына  оратылған қыл бұрауды көріп «Құтқарыңдар»!-деп жанталаса айғайлады. Осы кезде есіктің сыртында тұрған оперативтік қызметкерлер есікті  ашпақ болып екінші кілтті сұғып еді, кірмейді. Есікті іштен кілттеп, ашқышты ауызында қалдырыпты. «Ох, оңбаған!»-деп екеуі есікті  бұзып ішке енді. Оқиғаның бұндай өріс аларын ойламаған қылмыскер терезеге қарай қашпақ болып еді, жартылай шешілген шалбарының балағына сүрініп құлады. Бір қызметкер Е.-ні сүйемелдеді де екіншісі  Жұмабектің қолына темір кісенді кигізді. Ол аз болғандай Е-нің мойынынан шешіліп алынған бәтіңкенің бауымен қолын  қосымша тас қылып  байлады.

Осылайша он бір  адамды буындырып өлтіріп, тонаған қылмыскер он екіншісіне жете алмай құрықталды. Атырау қалалық қылмыстық сотының үкімімен Жұмабек Олжабаевқа өмір бойға бас босандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал Атырау қалалық қылмыстық іздестіру бөлімінің белсенділік  көрсеткен  бір топ оперативтік қызметкерлерінің шендері жоғарылап, ақшалай-заттай  сыйлықпен марапатталды.

Боранбай ҒАЛИЕВ

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...