12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Бұл  бағдарламаны жасаған адамды халық жауы деп тануымыз керек»: Меценат еліміздегі мемлекеттік бағдарламаларды сынады

Еліміздегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысты көп сын айтылады. Олардың жоғарғы пайызы, берілген үйлердің сапасыздығы, бағдарламалардың халыққа қолжетімсіздігі секілді мәселелер жиі көтеріліп жатады. Qazaq.today порталына сұхбат берген кәсіпкер Көңілбай Шүкенов еліміздегі мемлекеттік бағдарламаларды сынға алды.

«Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар халықты жарылқаса, әлдеқашан жарылқайтын уақыты болды ғой.  «Бақытты отбасы» жобасын  жазып шығарған автор ретінде айтар болсам, қандай қиындық болса да, ажыраспаған, махаббаттарына берік отбасыларға үй беру керек. Сөзбен айтып қана қоймай, орындадық, бердік.  Осындай отбасылардың қазақ елінде бар екенін мақтанышпен насихаттап  және оны үлгі етіп көрсету қажет.  Бізде отбасылық институттар ақсап жатыр. Адамдар материалдық тұрғыдан ажырасып кетуде. Сан түрлі мемлекеттік бағдарлама бар. Олардың біразының саясаты дұрыс емес. «Бақытты отбасы» деген бағдарламаны алайық.  2 пайыздық несиемен үй береміз дейді. Бірақ  банкке баруың, әкімдікке сандалып, кезекке тұру керек. Олар кезекке тұрып келеді, алғашқы жарнасын да төлеп келеді, тағы да толып жатқан құжаттарды өткізеді.  Ең артынан, «біз жағдайы жоқ, толық емес отбасына береміз» дейді. Содан адамдар амалсыз, «толық емес» деген мәртебені алу үшін құжат жүзінде ажырасады. Көпбалалы бола тұра, ажырасу керек. Сонда үйді он, он бес жылға несиеге алу үшін ажырасып кету керек. Не деген бағдарлама бұл? Бұл  бағдарламаны жасаған адамды халық жауы деп тануымыз керек. Өйткені, ол әрең күнін көріп жүрген азаматтардың, отбасылардың ажырасуына бірден-бір себепкер  болып отыр. Ал Аршалыдағы «Бақытты отбасы» қалашығында қазір 5 отбасы тұрып жатыр. Ең азында 5 бала, ең көбінде 9 балалы жанұялар бар. Барлығы отызға жуық бала бар. Әрқайсысына 170 шаршы метрлік баспананы салып, тату-тәтті тұрып жатқан, балаларына жақсы тәрбие, білім берген отбасыларға тегін тарту еттік. Ол біздің команданың қоғамға тигізіп жатқан шағын ғана көмегі» дейді меценат.

Дауларды шешуде сүзгіден өткізетін кассациялық соттар іске қосылды 

      Әр сот шешімнің артында адам тағдыры тұр,  сондықтан судьяларға артылған...

Год рабочих профессий: как государство и бизнес создают среду для молодых кадров

В рамках рабочей поездки в Костанайскую область заместитель премьер-министра...

33 инвестпроекта в АПК реализуют в Карагандинской области  

В Карагандинской области реализуется 33 инвестиционных проекта в АПК...

Қарағанды облысында АӨК саласында 33 инвестициялық жоба іске асырылуда

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығының түрлі бағыттарын қамтитын жалпы құны...

Түзеу мекемесінде Нельсон Мандела күні аталып өтті

Аты әлемге танылған ұлы тұлға, Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы...