БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының полиция күнін салтанатты түрде атап өтті

Мерекелік шара қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішіне гүл қоюмен басталды. Гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталғаннан кейін шараға қатысушылар қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің рухына арнап бір минуттық үнсіздік жариялады.
Салтанатты шараға сала ардагерлері, мекеме бастықтары, жеке құрамы және 5517 әскери бөлімінің басшылығы қатысты.
Саптық алаңға мемлекеттік ту әкелініп, әнұран шырқалып, БҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі М.Габдуллин жеке құрамды мерекемен құттықтағаннан соң ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі М.Ахметжановтің атынан жеке құрамға төсбелгілер және медальдар берілді.
Сондай-ақ ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті, БҚО бойынша ҚАЖ департаменті, БҚО бойынша полиция департаментінің жеке құрамды марапаттау жайлы бұйрықтары оқылды.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...