12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бір салада төрт маман

Білек пен жүректілікті қажет ететін ішкі істер саласында жұмыс жасайтын бұл үш ағайынды жігіттің ең кенжесі, кіші сержант Оспанов Дінмұхамед Абибуллаұлы Қызылорда облысы ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің кинолог маманы.

Басты міндеті төрт аяқты сақшымен бірге мекеме аумағын күзету, күдікті жағдайларда тиым салынған заттарды анықтап, тексеру,тінту жұмысына қатысу болып табылады.

Еңбек өтіліне бір-ақ жыл болған жас маманның айтуы бойынша,бұл қызметке келуіне ағаларының форма киуінің әсері болған.

Біздің отбасында алғаш ішкі істер саласына үлкен ағам,әділет аға лейтенанты Ниязов Нұрсұлтан жұмысқа тұрды. Ол кезде мектеп оқушысы болған мен үшін ағамның бейнесі болашақ мамандық таңдауыма ықпал етті. Спорт түрлерімен айналысып, дене күшімді шынықтырдым, әскер қатарына барып ерік-жігерімді арттырдым.

Заңгер мамандығы бойынша білім алып, ҚАЖ қызметкері болып, арманымды жүзеге асырдым.

Бүгінгі таңда ағаммен қатар сапқа тұрамын. Офицерлер санатындағы Нұрсұлтан Абибуллаұлы жасақ бастығы. Он жылға жуық қызметінде өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қылмыскерлерді өмірге қайта тәрбиелеп келеді. АКАӘПТЖБ- нің барлық іс- шарасын ұйымдастыру,сотталған азаматтардың жұмыспен қамтылуын, ішкі режимді бұзбауын қадағалау міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді.

Қызметте,өмірде үлгі тұтар екінші ағам полиция аға сержанты Ниязов Бексұлтан Қызылорда полиция басқармасында жүргізуші болып жұмыс жасайды.

Аусымға түскен жедел топты дер кезінде оқиға орнына жеткізіп,қылмыстың алдын алуына, ашылуына игі ықпал етеді. Екі ағам да өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүргендіктен қызметтерінде абыройлы. Басшылық тарапынан мақтау қағазы мен алғысхаттар алған.

Ата- анам айтпақшы «алдыңғы арба қайда бастаса,соңғы дөңгелек солай қарай жылжиды»

Мен погон таққан отбасынан болғанымды мақтан тұтамын. 2022 жылдан бері анам Аманова Ақгүл Қанатқызы № 37 республикалық мемлекеттік мекемесінің психологы болып жұмыс жасайды. Жаза басып, жаңылып жазаға тартылғандарға түрлі психологиялық тренингтер жүргізіп, жеке қабылдаулар өткізеді.

Бір салада төрт маман жұмыс жасайтын әулеттің ел қауіпсіздігін қорғау жолындағы бүгінгі таңдағы жалпы еңбек өтілі жиырма жылдан асыпты. Әулет мамандарының әлі талай белестерді бағындырып, ел тәуелсіздігін нығайтуға өз үлестерін қосатыны анық.

ДАУДЫҢ ТҮЙІНІ – БІТІМ: ӘКІМШІЛІК СОТТАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫҢ МӘНІ

Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесі енгізілгелі бері сот пен азамат...

ҚАСЫҢЫЗДА КІМ ЖҮРГЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Күнделікті күйбең тірліктің көлеңкесінде жүріп жанымыздағы жақсы адамның бағасына...

Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы,...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ – СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ БЕЙТАРАПТЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІК

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары сот билігінің...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР – ӘДІЛ СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың...