12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бір азаматтың ереже бұзғаны анықталды

Түркістан облысы көлемінде «Пробациялық бақылау» атты профилактикалық іс-шара өткізілуде. Осы шара барысында Сауран аудандық пробациялық бақылауда есепте тұрған бір сотталғаның сот жүктеген міндетті орындамағаны анықталып, оған ескерту жарияланды.
Атап айтар болсақ, аталған шара пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың жүріс-тұрысын бақылау, олардың тарапынан жасалынған құқық бұзушылықтарды жүргізіліп дер кезінде анықтау және қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын-алу мақсатында өткізіліліп тұрады.

Осы орайда Сауран аудандық пробация қызметкерлері мен аудандық ПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамнана оқшаулаусыз сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларында болып, олармен кездесіп, әңгіме жүргізілуде. Бұл жедел-профилактикалық іс-шара барысында шартты түрде жазасын өтеушілердің белгілі бір шекарадан шығу-шықпауы, сотты болған тұлғаның хабар бермей ел ішінде жүруі, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасауы сынды жұмыстардың алдын-алу нәтижесіне талдау жасалынды.

Сондай-ақ, аталған жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы Сауран аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтардың пікірін тыңдап, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, қоғамдық ортаға бейімдеп, жұмысқа орналасуына ұйытқы болуды жоспарлап отыр. Осындай жобаның арқасында қоғамдық тәртіп бір жүйеге келіп, құқық бұзушылықтар барынша азайады деген сенімдеміз.

Осындай тексеру жұмыстарының нәтижесінде бір сотталған азаматтың жаза өтеу ережесі бұзғандығы анықталып, оларға ескерту жарияланып жергілікті сотқа ҚР ҚК-нің 44 бабы 3-тармағына сәйкес ұсыныс жолданды. Біздің мақсатымыз, пробация есебінде тұрған сотталғандардың тарапынан қылмыстың алдын алу болып табылады.

Сондай-ақ, олардың қоғамға бейімделіп жұмысқа араласуына, кәсіпкерлік бойынша білім алуына мүмкіндік жасаймыз. Біздің аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотты болған азаматтардың біршамасы жұмысқа орналасып, олардың арасында өзінің кәсібін бастағандар да бар. Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізуде, — деді Сауран аудандық пробация қызметі бөлiмiнiң бастығы әділет аға лейтенанты Қайсарбек Серманов.

Сот актілерінің орындалуы – құқықты мемлекеттің белгісі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің алатын орны ерекше....

Жаңа ғасырдағы соттағы жаңаша өзгерістер

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде көптеген...

«Адал азамат» мемлекетік қызметшілердің кәсіби тұлғалық болмысы дәрісі өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде...

Полиция есірткіге қарсы: студенттік жатақханалардағы профилактикалық іс-шара

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен...