12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеп келген қазақстандықтар таңдау жасауы керек — Қаржы министрлігі

Қаржы министрлігі Бірыңғай жиынтық төлем – БЖТ алдағы уақытта жойылатынын растады. Ведомство оны төлеген қазақстандықтар не істеу керек деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі мәліметінше, бірыңғай жиынтық төлем бастапқыда 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, табысы жылына 4 миллион теңгеден аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін уақытша енгізілген.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір жеке тұлғалардың кірістері туралы декларацияны кезең-кезеңімен енгізу жүріп жатыр. 2024 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық азамат: жеке кәсіпкерлер, директорлар, ЖШС құрылтайшылары кіріс декларациясын тапсыруға міндетті. Сондықтан, бұрын кәсіпкерлік қызметін тіркемеген азаматтар таңдау жасауы керек: кәсіпкер болу немесе қызметкер болу«, — деді министрлік Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Кейіннен бұл азаматтардың табысы салық декларациясында немесе жұмыс берушілерден түскен ақпаратта көрсетілуі тиіс, дейді ведомство өкілдері.

Еске салайық, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бейресми жұмыспен қамтылған қызметті салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейтін бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) жаңа құқықтық режимі енгізілген болатын.

Ол табысы жеке кәсіпкерлердікінен төмен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған. Басқа тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар ғана ЮЖТ төлей алады. Егер тұлға заңды тұлғаларға қызмет көрсетсе, онда салықты толық төлеуге тура келеді.

Биыл негізгі Ұлттық бірыңғай тестті 210 мыңнан астам талапкер тапсырды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің шамамен 76,5%-ы тестті қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, ал 149 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстандық теннисшілер 2025 жылғы Уимблдон турнирінен қанша табыс тапты?

Әйелдер арасындағы 2025 жылғы Уимблдон турнирі аяқталды. Tengri Sport қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бұл турнирден қанша табыс тапқанын жариялады.

Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болады

Парижде Франция үкіметі мен Жаңа Каледония архипелагы тұрғындарының өкілдері арасында келісімге қол қойылды.

Рост цен – под контролем?

В ПРАВИТЕЛЬСТВЕ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ИНФЛЯЦИИ ЗА ПЕРВОЕ ПОЛУГОДИЕ 2025 ГОДА. КАБМИН ПРЕДПРИНИМАЕТ МЕРЫ ДЛЯ СДЕРЖИВАНИЯ ЦЕН И СМЯГЧЕНИЯ ТАРИФНОЙ НАГРУЗКИ.