12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Буллингпен күрес

Буллинг — ағылшын тілінен кемсіту, қорқыту, күш көрсету, мұқату деген мағынаны білдіретін, мектеп оқушылары, студенттер мен әріптестер және қарапайым адамдар арасында жүйелі түрде қайталанылатын физикалық, психикалық зорлық-зомбылық.

Мағыналық жағынан қарастырып отырған бұл терминнің өзі төрт түрге бөлінеді, сөзбен, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық. Қазіргі уақытта ең кең тараған түрі бұл-киббербуллинг.

“Haliquni” сайтының мәлімдеуінше , Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының статистикасы бойынша, оқушылардың 12%-ы қудалауға және қорқытуға ұшырайды. 11 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың 11%-ы әлеуметтік желілерде кибербуллингке қатысқан немесе ұшыраған. Өткен жылы кибербуллинг фактілері бойынша 78 мың өтініш тіркелген екен. Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез-келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында буллингке тап болады. Оған мысал, бірнеше апта бұрын жедел жәрдем қызметкерінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде
резонанс тудырды. Бейтаныс азамат қызуы көтеріліп тұрған бала жол тартқан жедел жәрдем жүргізушісін жол бермегені үшін жұдырық жұмсап жарақаттаған. Бұл күш көрсету арқылы жасалынған буллинг болып саналады. Кудікті жасаған қылмысы үшін үш жылға дейін бас
бостандығынан айырылуы мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің 2022жылдың статистикалық мәліметтерінде, Қазақстанда жасөспірімдер арасында ер балалардың 17,5%-ы жиі буллингті бастан өткерсе, 11-15жас аралығындағы қыздардың 14,1%-ы зорлық — зомбылық құрбаны. 2018жылдан бері елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында буллинг жиілеп, құрбандар саны 3,7%-ға өскен. Педагог-психолог Айжан Алиева буллингке ұшыраған балалардың мінез — құлқындағы өзгерістер жөнінде айтып, ата-аналарға кеңесін білдірді.
«Жастар арасындағы келіспеушіліктерге сыртқы түр, көшбасшылық үшін күрес, қызғаныш, көреалмаушылық, нәсілдік айырмашылықтар себеп болуы мүмкін. Қорлық көріп жүрген балада жеке жүру, дәрменсіздік, депрессия белгілері пайда болады. Бала өз ортасына қосылмайды және мектепке барудан жиі қашатын болып қалады.Бұл бастапқы себептердің алды алынбаса бала өз өзіне қол жұмсауға дейін баруы мүмкін. Ата-аналар балаларының мінез қылықтарында өзгерістерді байқаса оларменен барынша ашық сөйлесуге әрекет жасау керек. Мектепте сабақтарының қалай өтіп жатқаның, қатарластарымен қарымқатынасының қандай екенін
жиі сұрап тұрғаны жөн. Ата-анасы баласымен қаншалықты жиі сөйлессе бала да өз өмірінде,ортасында болып жатқанын жағдайларды жасырмай ашық айтатын болады. Сонымен қатар, балаларының буллингке ұшырап жатқанын білсе, буллердің, яғни күш көрсетіп жатқан баланың атаанасымен хабарласып сөйлесуі керек,егерде нәтиже бермесе сынып жетекшісіне учаскелік полицияға хабар бергені дұрыс».


Асел Абилова, Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, журналистика кафедрасының 2 курс студенті

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...