Бос орындар жәрмеңкесі өтті

ШҚО Зайсан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында жұмыс іздеген азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Барлық адамдарға өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындары нарығын пайдалану, зерттеу және бірден бірнеше жұмыс берушілермен тікелей сөйлесу мүмкіндігі берілді.
Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты — халыққа, әсіресе жастар мен оқу орындарының түлектеріне жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, жұмыс берушінің қолайлы кандидаттарды жалдау процесін жеңілдетуі және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуі.

Жәрмеңкеге Зайсан аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрғандар яғни, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, қоғамнан оқшауланбай жазаға сотталғандар қатысты.

Бұл іс-шараға ШҚО Зайсан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардар белсенді қатысып, нәтижесінде бас бостандығын шектеуге сотталған 2 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

ШҚО Зайсан аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны А. Смағұлова

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ұлы ағартушының туғанына 185 жыл Қазақ халқының тарихында елдің рухани...

Государственная служба: новые правила, новые возможности

Новый Закон Республики Казахстан «О государственной службе» вступил в...

Призвание – спасать: кинолог Алмас Жандаулетов

 Кинологическим подразделением оперативно-спасательного отряда ДЧС Туркестанской области руководит Алмас...

Туған тілім – тұғырым

          Тіл – адамзат қауымының өркениетке жеткізген ең ұлы...

АЗАМАТТАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ: СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Қазіргі таңда азаматтардың банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де...