Алматы қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында бірнеше мекемелер ұсынған “Бос жұмыс орындар” қалалық жәрмеңкесі өтті.
Аталған жәрмеңкеге Алмалы аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған жұмыссыз тұлғалар мамандықтарына сай өздерінің түйіндемелерін әкеліп тапсырып, қатынасты. Алдағы уақытта тапсырылған түйіндемелерге сай пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға қалалық жұмыспен қамту бөлімімен әлеуметтік көмек көрсете отырып, оларды тұрақты жұмысқа орналастыру мүміндігі болады деген ойдамыз- деп хабарлайды
Алматы қаласы Алмалы аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы
әділет подполковнигі
А. Оразайкызы


