20.06.2023 жылы әскери және қызметтік даярлық сабағы аясында, Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесінің жеке құрамымен «Бостандығынан айыру орындарындағы азаптауды қолданудың алдын алу» бойынша сабағы өткізілді. №2 мекеме бастығы жеке құрамға Адам құқығы бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссары Басқармасының «Стамбулдық хаттамасы. Жазалау мен адамның намысын қорлаудың түрлері, азаптау мен басқа да қатыгездікті тиімді құжаттандыру және тергеу бойынша Басшылық» екендігі туралы жеткізді. Осы басшылық мемлекеттерге тәжірибелік құрал ретінде, адамды азаптаудан құтқару ісіндегі маңызды мәселелерін шешудің тәсілдері ретінде әзірленген.


