Боран және 30 градус аяз: Елімізде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 31 қаңтарда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, түнде аздаған қар, күндіз қар, боран болады. Түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 6-8 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, кейде жауын-шашын (негізінен қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады — секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт, кейде жауын-шашын (негізінен қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде ауа температурасы 6-8 градус аяз, күндіз 1 градус аяз — 1 градус жылы.

Түнде Ақмола облысының оңтүстік жартысында аздаған қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде түнде және күндіз бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Түнде Жетісу облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аймақтарында қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Тұман мен көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, шығыста, облыстың таулы аймақтарында 13-18 градус аяз, күндіз 4 градус аяз — 1 градус жылы, шығыста, облыстың таулы аймақтарында 8-13 градус аяз.

Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында жауын-шашын, облыстың таулы аймақтарында қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында қар жауады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Атырау облысының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады.

Таңертең және күндіз солтүстік-шығыста, Маңғыстау облысының орталығында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, тұман, бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз солтүстік-шығыстан соғады, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың шығысында 16 градус, күндіз 2-7, облыстың шығысында 10 градус аяз болады.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, боран, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, боран болады. Батыста, солтүстікте, облыстың орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, солтүстікте, облыс орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.