Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде, тәрбие жұмысын нығайтуға байланысты, кәмелетке толмаған жазасын өтеушілер арасында, Аламты қаласы қоғамдық даму басқармасы «Social Project Manaqment» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлының ұйымдастырумен, педагог психолог маман Мурадуллаева Гулбануш жазалы жасөспірімдермен «Арманға жету!» деген тренинг өткізді. Тренингке қатысқан әр бір жасөпірімен жеке дара жұмыстар жүргізді. Іс шараның мақсаты: Жасөспірімдерге нақты мақсат қоюға үйрету, психологиялық ойлауды дамыту, сотталғандарға әлеуметтік-психологиялық білімді, насихаттау, сотталғандарды қоғамдық өмірге бейімдеу, тұлғаларды өзара қарым-қатынас мәдениеттін дамыту, әлеуметтік-психологиялық ахуалды жандандыру. Жастар арасында құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізу. Стресске төзімділікті ынталандыру, және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бүлдіргіш мінез-құлықты және төтенше оқиғаларды алдын алу мақсатында өтті. Жасөспірімдерді қайтадан қылымыстық жолға түспеуіне және өздерін ұстай білуге, өзіне сену қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Психолог мамандар алдағы уақытта, мекемеге жоспар бойынша келіп, жазасын өтеуші жасөспірімдермен психологиялық жұмыстар жиі жүргізіп тұратын айтты.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан


