Алматы қаласы Медеу аудандық пробация қызметі «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау және оларды әлеуметтік бейімдеу» тақырыбында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 8 жұлдызында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімшілігінің жанындағы Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы мен прокуратура органының, пробация қызметтері, және де Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың, сондай-ақ «Social project management» өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында дөңгелек үстел қатысушылары, бас бостандығынан айыру орындарынан адамдар босатылғаннан кейін туындайтын, проблемалы мәселелерді талқылады.
Әлеуметтік-қауіпті науқастарды дәрілік затармен қатамасыз ету, сондай-ақ, сотталғандар үшін жұмыс орындарын көбейту мүмкіндіктерін қарады, өйткені сотталғандар әдетте жұмыссыз қалып жатады.
Дөңгелек үстел қатысушылары көрсетілген мәселелерді шешуде өз нұсқаларын ұсынды. Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сотталғандарға әкімшілік қадағалау мен оларды әлеуметтік бейімдеуге қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша депутаттық корпуспен жұмыс туралы айтып берді.
Соңында, Медеу аудандық пробация қызметінің бастығы Жәнібек Телибаев дөңгелек үстелге белсене қатысқандары және конструктивтік диалог үшін алғысын білдірді.


