12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БАСЫ ТҰНЫҚ БҰЛАҚТАЙ

Қонаев университетіне 30 жыл

Әділдік, тазалық, турашылдық орныққан оқу орнында білім беру сапасының артуы табиғи заңдылық.Осынау халықтық қағиданы берік ұстанған Алматыдағы Қонаев университеті қашан, қалай құрылды? Қазақтың біртуар перзентінің атының берілуі кездейсоқтық па? Оқу орнының өз атымен аталуына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев көзі тірі кезінде келісімін беріп пе еді?Дінмұхамед  атамыздың фәни дүниеде пайғамбар аталуына қандай негіз бар? Д.А. Қонаев атындағы коледжден классикалық көпсалалы жетекші, бейінді жоғары оқу орындарының біріне айналып, 30 мыңнан астам білімді де білікті заңгерлер оқытып шығарып, олар ҚР Президенті кеңесшісі, Бас Прокуратура, Жоғарғы Сот, Әділет тағы басқа министрліктерде еңбек етуі үлкен жетістік емес пе?!

Салтанатты жиынды Қонаев атындағы университеттің ректоры,заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстандық криминологиялық қауымдастық президенті Өмірәлі Шакарапұлы Жалаири құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.

Университеттің даму баспалдақтары туралы сөз қозғасақ Балон процесінің ұстанымдарын іске асырып, халықаралық білім беру ұжымдарымен бірлесе әлемдік тәжірибеде жақсы жетістіктерімен ерешеленген бағдарламаларды  ішкі оқу нарығында  енгізе білген.Нақтылай түссек,  құқық, қоғамдық қауіпсіздік, бизнес және басқару салалары бойынша ауқымды  дайындау спектрін ұсынады.Білім беру бағытында баклавриат, магистратура және PhD докторантураның  жұмыс берушілерімен және халықаралық серіктестіктермен келісілген білім беру бағдарламаларын іс жүзіне асыруда.Нәтижесінде Россия, Германия, Англия,Польша, Қытай, Түркия, Үндістан мемлекеттері жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар жасалды. Қолданыстағы және инновациялық білім беру бағдарламаларының ішінде 6В04210  IT заңгер инновациялық білім беру бағдарламасын, 7М04203 Комплаенс-офицер, 6В04208 халықаралық құқық, екі шет ел  тілін білетін халықаралық заңгер бағдарламаларын  атап өткен дұрыс. Бұл бағдарламалардың мақсаты —  халықаралық құқықтық қатынастарды реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін оқыту болып табылады.

Университетте заман талабына сай жабдықталып, тұрмыстық қажеттілітермен толық қамтылған әрқайсысы 12 қабаттан бой көтерген екі жатақхана бар. 22 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 48 ғылым кандидаты, 46 магистранттан құралған 122 адам еңбек етеді. «Жеті Жарғы» жобасы бойынша 100 астам білім алушы және ректорлық грант бойынша 20 студент білім алуда.Ректорлық гранттар мен жеңілдіктер беру жыл сайын жалғасын тауып, білім нәрімен сусындауға ұмтылған жастарға жарқын жол ашылған.Бұл қамқорлыққа студенттер сапалы білім алып халықаралық, республикалық, қалалық іс-шаралардан шет қалмай  бірі  «ТМД үздік студенті – 2023» атанды. Еуропа мен Азиядағы жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, ұтқырлық танытатындары да университет мақтанышына айналған.

Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР Халық әртісі:

Университет құрылған күнінен бастап қарым-қатынасымды үзген жоқпын.Алғашында қызметкерлері кілең жастар еді. Кәзір олар салиқалы азаматтар болды.

Оқу орнының Димаш аға Қонаевпен байланысы басқаша. Димаш ағаның  өмірінің соңғы сәтіне дейін тұрған үйінде жиі болатынмын. Былайғы өмірде де араласып жүрдік. Бірақ сол байланыс туралы елге айтып, дабыралатқамын жоқ. Онық қажеті жоқ. Сабырлы, тұйық адам болатын . Жаратылысы бөлек, ешкімге  ұқсамайтын. Европа мемлекеттерінен Димекеңді көреміз, сәлем береміз деп 1993 жылы он төрт адам келді. Сол адамдарға жолбасшы болдым. Димекең үйінде қабылдады.  Оның алдында Шығыс Қытай, Монғолия жақтан 15 қария  келген. Оларды да мен ертіп барғанмын. Өйткені, мен шет елдерді көп аралаған адам болғандықтан шетелдіктер сыртымнан  біледі екен. Менімен өздері хабарласып, Үкіметтің ешнәрсесінің  керегі жоқ. Димекеңді көріп сәлем берсек ризамыз дейтін. Зухра шешеміз қайтыс болып, жалғыз өзі үйінде тұрған кездің өзінде сәлем беруге келген адамдарды үйінде қабылдады. Бірде маған  «сені түсінбедім, қызметте жүрген кезімде бір нәрсе сұрамадың.Білуімше шал-кемпірдің баласысың. Шиеттей бала-шағаң бар.Бауырың ағаларың да жоқ. Соған таң қалам. Күндіз-түні шапқылап, зырлап жұмыс істейсің.Комсомолдың, партияның жұмыстары, Москваның іссапарлары бар. Көптеген адамдар барлық жұмысты тындарып қайтарында жағдайларын айтатын.  Соның барлығын заң шеңберінде шешіп отыратынмын.  Елдің  мен деп келетінін түсінем ғой» дегенде сасқанымнан қара табаныма дейін терлеп кеттім.Әулиелігіне, жанашырлығына айтқан әңгімесіне қайран қала сүйсінбеске әддің қалмайды. Адалдық, тазалық. Соның барлығын еңбегімен көрсетті ғой.Республика көлемінде 47 қала салғызды. Сол қалардың біріне ескерткішін қойғызбады. Композиторларымыз әнін, ақындарымыз   сөзін жазып алып келіп мен арқылы бергенде   мұқият оқып «жігіттерге айт менің атымды жазған жерлерге еңбек адамдарының атын атасын, туған жерге арнасын.менің атымды атамай-ақ қойсын. Ол жігіттерге разымын» дейтін еді.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Бізде заңды қабылдау бар, заңды орындау жоқ.Бүкіл ауру сол кінәратта. Әйтпесе, ұрламайық, бөрілемейік, қазынаға қол сұқпайық жемқорлық жасамайық дегенді балығымыз айтудай ақ айтып жатамыз. Бірақ соның таза орындалуы, жауапкершілігі болуы керек. Кезінде дәрігерлер гипократ заңымен ант беретін, кәзір «Европа, пәлен түген» деп оны да алып тастады.Дәрігерлер  аурудың жағдайын қарамай алдымен ақшасын төлеуді айтады. Ауырып алдына барған адам  жаны үшін төлейді. Төлемей қайда барады. Бірақ жоспарлы ота жасау, шұғыл түрде ота жасау деген де болады ғой. Біреу кездейсоқ апатқа ұшырайды. Қансырап жатады. Сонда дәрігерлер адам жанына араша түспей тұрып «ақшасын кім төлейді» деген жаттанды сұрағын қояды. Сондай-ақ,  прокурор – прокурордың мундирін, сот – соттың мантиясын қорғайды. Екеуі бірігіп әділдікті қорғауы керек. Қайталап айтам екеуі бірігіп әділдікті қорғауы керек. Сен де мен де әділдікті қорғауымыз керекпіз. Адвокат өзінің қорғауына алған адамын қорғайтыны түсінікті. Сондықтан ұлтымыз болып ұстанатынымыз әділдікті қорғау болуы керек. Немістер немістік қоғамды қорғап, таза әділ ұстап келеді. Ағылшындар деп тізбелеп барлығын керемет деп айтпаймын Олардың арасында да бар. Бірақ негізінде әділдікті қорғау арқылы олар биік тұр.Қазақтан шығып әлемдік деңгейдегі заңнаманы игерген заңгеріміз  Салық Зиманов  әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ заң факультетінің негізін қалап, алғашқы деканы болған адам. Білімі дүниежүзілік деңгейде биік тұр. Европалық құқықты игерген. Қазақтың билер сотынан бастап әлемдік заңгерлер  мектебінің қайнар бұлағынан нәр алып, жұмысына пайдалана білген.Ол кісі лекция оқығанда университеттің басқа факультеттерінің оқытушылары мен студенттері арнайы барып тыңдайтын. Ол өмір қажеттілігін өтеу болып та саналған. Кезінде Мұхтар Әуезов лекция оқығанда Зейнолла Қабдолов өзі еңбек ететін Политехниклық институтты тастап арнайы  барып тыңдағаны, ұлттық университетке ауысқана айтылып та жазылып та жүр.  Сол сияқты Қонаев университеті алғаш құрылғанда түлектеріне сенім артыла қойған жоқ.  Бүгінде барлық салады жарқырап көріне бастады. Бұл университеттің өсу жолдары болып бағаланады. Ақырындап, сабақ сапасын жақсарта, көтере келіп жеткен жетістігі сол осы университет түлектеріне барлық жерде сұраныс бар. Қызметке шақырады. Заң қызметкерлерінің барлығына  ведомстволық мүдде емес ұлттық, әділеттік мүдде тұрғысынан қарауымыз  білімдікті заңгершілікті, өркенет өріндегі мәдениетілікті білдіреді. Бұл мен ойлап тапқан нәрсе емес, ғасырлар бойы келе жатқан құндылық.Сол өркениетке ұмтылу біздің  кәзіргі  қоғамымызда байқалады.

Заң тоқтаусыз процес. Бұл біріншіден. Екіншіден Ата Заңымыз – Конституция. Конституция мемлекетімізде бүкілхалықтық дауыспен қабылданды. Конституцияға енгізілген өзгерістер жариялануда. Енді сол енгізілген өзгерістер туралы заң қабылдауымыз керек.Заңдар қатып қалған зат емес Өмір бақи сол заңдарды өзгерте беру де  керек  емес.Нормативтік құжаттарды  да сәйкесінше қағазбастылыққа айналдырып жіберуге болмайды. Парламентте жүргенде ол туралы сан рет айттым. Үкіметте жиырма беттен тұратын заңға жиырма бес бет құжат қабылдап тастайды. Оны Үкіметтің мүдделі институттары ғана оқиды. Осылардың барлығын өзгерту керек. Заман өзгеріп кетті.Жаңа Қазақстан деген сөз жайдан жай айтылған жоқ. Заман талабына сәйкес құндылықтарды түбегейлі өзгерту үшін  өзіміз өзгеріп, қоғамды да өзгертіп отыруымыз керек. Ол талаптандыру қадамы болып саналады. Адал болу, ұрлық, зорлық, қиянат  жасамауды  заң жүзінде жүзеге асыру міндет. Ол үздіксіз жұмыс.

Университетке Қонаевтың есімінің берілуі кездейсоқтық емес. Өмірәлі Жалаиридің өз таңдауы, шешімі. Арнайы барып,  Дінмұхамед Ахметұлынан рұқсат сұрады. Димаш аға ықыласын аударып, батасын берді. Қонаев  тарихи тұлға. Ұлтымыздың өсуіне,құқығының сақталуына, дүниежүзілік дәрежеде ұлт болып теңесіп бәсекелестікке лайық болуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Қонаевтың тірі кезінде пайғамбар атануы оның жақсылығын халықтың мойындағаны . Ол кісі мені сөйтіп айтыңдар деген ешқандай сөзі жоқ. Бірақ халық өзі айтып жүрді. Осы кісідей халыққа адал болсақ  елге адал қызмет етсек  деген ойдан, сөзден туған құндылық.

Өмірәлі Шәкарапұлы Жалаири, Қонаев атындағы университеттің ректоры,заң ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері:

1993 жылы әл-Фараби атындаға ҚазМҰУ заң факультетінің кафедра меңгерушісі  қызметін атқардым.  Еліміз егемендігін алып, дербес мемлекет болды. Даму қадамдары жасала бастағанда  жаңа университет ашу туралы ой келді. Арғы-бергіне сараптай Димаш ата Қонаевтың үйде отырғанын, жалпы жағдайын жақсы білгендіктен өзім қатарлас жігіттерге ойымды айтып, «осы кісінің атынан  оқу орнын ашып,  көңілін көтерсек» деген едім. Менімен бірге туған жиені Тоқтамыс Беделбаев, сыныптас досым Шәмші Сәрсенбиевтер барды. Димекең бізді қарсы алды. «От Сталина до Горбачева» деген  екінші кітабын  жазып жатыр екен. Жұмыс столында «Правда», «Известия» газеттер және тағы басқа материалдар ретімен қатталыпты.  Аман-есендік күнделікті өмір жайлы біраз әңгімелесіп кетерімізде  «не бұйымтайларың бар» деп сұрады. «Сіздің атыңыздан заң саласы мамандарын дайындайтын жоғары оқу орнын  ашсақ» деп МГУ  заң факультетіне арналған жұмыс жоспарын көрсетейін деп едім  «Жігіттер сендерге сенем, өзім заңгер емеспін» деп батасын берді. Халқымыздың біртуар перзенті Димаш ағаның батасымен ашылған   осы университетімізге биыл  30 жыл болды. Бұрын Қонаев атындағы  Евразия заң академиясы деп аталғанбыз.26 мамырдан Қонаев атындағы университет деп қайта тіркеттік.  

Димаш аға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа деген ниетімнің ақ, адал екендігі туралы айтсам, Алматыдағы Оқушылар Сарайында Халықаралық қоры ашылғанда  мен  құттықтау сөз сөйлеп менің кішкентай қызым Әлима қазанға екі мың теңге салды. Ырымымыз ықыласты болып бүгінде халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орнына айналдық. Міне, Димаш ата Қонаевтың батасын беріп, ықыласын аударғанының, заңгерсің деп сенім артқанының жемісін уақыт атты төреші тартып, игілігімізе айналды.  Шыны керек, қазақы жалпақ тілмен айтқанда қас қағым сәтте екі бұйымтайым орындалғанын аңғарып,  іштей Аллаға  бір қатар тәубе айтып,  сабырлылық сақтағаныма қуанамын.Жылылық  өне бойымды баурап та алғандай болдым…

 Өзіңіз екшеп көріңізші отыз бес жыл еткен еңбегі  еленбей, адами тұрғыда шығарып салуға да жарамай  барлығын сызып тастаса кім болсын ренжімей ме, ет пен сүйектен жаратылған пенде болған соң  ренжиді ғой. Міне, сол кезде   барымызды бағалай білу мақсатында қазақтан шыққан ғұлама адамды көзі тірісінде моральдық тұрғыда қолдай білдік. Батасын алғанда қуанышты, көтеріңкі сәтте болдым. Сабырлылықпен «ақырын жүріп анық бас»деген қазақылықты ұстанған жанның бірімін. Сондықтан айғайламай, түймедейді түйедей етіп көрсетуден алыс жүретін, тіпті ойламайтын жанбыз. Ұстанымым мықты заңгерлерді дайындау, халықаралық деңгейде өзіндік орны бар  жоғары орнының  атауына кір келтірмей биіктете түсуге. Димекең секілді инженерлік  мамандық бойынша жаңа факультет ашу ойымызда бар.  Сонымен қатар Қонаев қаласының дамуына, қанатын жайып өсуіне осы елдің перзенті ретінде атсалысып , Талғардаға Қонаев атындағы колледжімізді көшіріп,  Қонаев қаласынан уақыт талабына сай барлық қажеттіліктерді қамтыған жаңа ғимарат салып ашуды ойластырып жүрміз.Алдымен бас ғимаратын салып, пайдалануға берсек сұраныс түсіп жатса филиалдарын ашуға да атсалысамыз. Студенттеріміздің саналарына Димаш атамыз секілді тазалықты, адалдықты сіңіре білсек жемқорлық деген кесепат ығыстырылып қалатыны анық. Сөзбен шектелмей, іспен көрсету керек. Сонда өскелең ұрпақ дұрыс түсініп, жақсы азамат болуға Ант қабылдайды.

Алпысбай Рахимов, ҚР Ішкі істер органдарының ардагері,  полиция полковнигі:

Республикамызда өзіндік орнын берік қалыптастыра бастаған Д. Қонаев университеті басшылығының арнайы шақыруымен жоғары оқу орнының құрылғанына 30 жыл толуына арналған ғылыми конференцияға қатысқаныма ризамын. Ресейден келген қонақтың ғылыми негіздерге сүйене айтқан сөзі ерекше әсер етті. Қазақстан ғылымына оның ішінде осы жоғары оқу орнында сан сала бойынша негізі қаланып, өскелең ұрпақтың алаңсыз білім нәрімен сусындауына жасалып жатқан жағдайға ресейлік ғалыммен бірге  біз де ризамыз. Бұл заң ғылымдарының докторы профессор, осы Қонаев университетінің ректоры Өмірілі Шакарапұлы Жалаиридің ерен еңбегінің бір нәтижесі болып саналады. Студенттердің білімін халықаралық деңгейге көтеру жайлы құнды ұсыныстар айтылып, өзекті мәселелер көтерілді. Оқымыстылардың баяндамаларын мұқият тыңдадым. Өмірдегі сан алуан мәселерді көтерумен шектелмей оны шешу жолдарын ғылыми негізге байланыстыра білетіндіктері ұнады.Қалай десек те ғалымның аты ғалым ғой. Соның барлығын мемлекет мүддесіне байланыстыра білу университет басшысының артықшылығы, ақырын жүріп анық басатын сабырлылығы, тынымсыз еңбегінің жемісі екенін сол ғалымдар сан рет қайталап , жақсы бағалағаны көңіліме  қуаныш ұялатты,мерейлендірді.Полиция полковнигі ретінде қосарым Жаңа Қазақстанның жаңа қадамы осындай игілікті істермен аршындай алға басуы керек.

Түйін.

Отыз жыл аз уақыт емес. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында республикамызда құдды жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай оқу орындары жыпырла ашылғаны ақиқат.Уақыт іріктеді. Сол сұрыптаудан сүрінбей қайта қанатын жайып биіктеген Қонаев Университеті болды. Мемлекет басшысынан бастап, Бас Прокурордың, Жоғарғы Сот төрағасының, салалық министрлердің Алматы қаласы әкімінің құттықтау хаттарын ресми өкілдерінің дүйім жұрттың алдында оқып беруі осы сөзіміздің нақты дәлелі болады.

Нұрбол Әлдібаев,

«Заң газеті»

Конституциялық сот – Конституцияның кепілі

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы...

ҚазҰУ — білім мен парасаттың мекені

Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орны бар, тарихы...

ҚазҰУ — ұлттың зияткерлік тірегі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары білім беру...

«Фарабитану» көптомдығының 20-томының тұсаукесері өтеді

23 желтоқсан күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...