18.01.2024 жылы сотпен «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапкер Л. — ға ата-ана құқықтарын шектеу және алимент өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қаралды.
Талаптар 5-сынып оқушысы кәмелетке толмаған Л. 08.01.2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мектепке бармайтындығына, аттестатталмағанына, оқудың екінші жылына қайта қалдырылғанына негізделген.
Осыған байланысты Л. ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот талқылауы барысында жауапкер Л. кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі бола отырып, өз құқықтарын теріс пайдалана отырып, баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етпейтіні, баланың оқу орнына баруына кедергі келтіретіні, сабақтарды дәлелсіз себептермен өткізіп алу нәтижесінде бала өткен оқу жылында, 2023 жылдың 1 және 2 тоқсанында аттестатталмағаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Білім туралы Заңның 49-бабының 2, 3-тармақтарында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдері балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті екені көрсетілген.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері олардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 70-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар оның физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты.
Ата-аналар баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Істің белгіленген мән-жайлары мен келтірілген құқық нормаларын негізге ала отырып, сот шешімімен Қарағанды қаласының білім бөлімінің талап-арызының талаптары қанағаттандырылды.
Баланың анасы Л. кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-ана құқықтарынан шектелді, сондай-ақ одан баланы асырауға алимент өндіріп алынды.
Бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына берілді, бұл ретте баламен байланысуға рұқсат етіледі.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі


