Балықты ұстауға шектеу салынды

Тасқала аудандық соты балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаныүшін ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, Батыс Қазақстан Облысының Бәйтерек ауданының «Орал-Атырау» трассасының «Кушум» бекетінде автокөлікті тексеру кезінде салмағы 20 кг., жалпы сомасы 41 000 теңгені құрайтын балықты заңсыз иемдену, өткізу әкелгені үшін аз.Ж ұсталды.

2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының «ветеринариялық препараттарды беру қағидаларын бекіту туралы» 32-тармағына сәйкес балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) 5 (бес) килограммнан артық тасымалдау кезінде бекітілген нысан бойынша балықтың қайдан ауланғаны туралы ветеринарлық дәрігерден анықтама қажет.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындап, Жаңғала ауданы Жаңғала ауылынан жеке тұтыну үшін балық сатып алғанын, тиісті құжаттары жоқ екенін түсіндірді.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 24150 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, 20 кг. балық  мемлекет пайдасына тәркіленіп, 41 400 теңге мемлекет пайдасына залал өндірілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тасқала аудандық сотының

бас маманы Г.К.Мулдашев

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...