Бала- біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі!

Халықаралық балаларды қорғау күнін алғашқы мерекелеу 1950 жылдың 1 маусымына белгіленген. Мереке өзектілігін бүгінгі күндеде жоғалтпайды және балалардың проблемаларына, әсіресе толық емес немесе дисфункционалды отбасыларда тұратындардың, тіпті ата-анасыз қалған балалардың мәселелеріне назар аударады. Кішкентай балаларға көңіл бөлу- бақытты тағдырлар мен ризашылықтар түрінде жемісін береді, сонда олардың жүректеріндегі сүйіспеншілік- өмірді жаңа мазмұны мен қуанышқа толтырады. Осыған орай Алматы қаласы Медеу ауданының әкімшілігінің қолдауымен, балалар күні мен оқу жылының аяқталуына байланысты, пробация қызметі мерекелік атмосфераны қалыптастыру мақсатында балаларды қорғау күнінің осы жарқын мерекесі қарсаңында, бейбітшілік пен жақсылық тілеп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың оқушы балаларына арналған Алматы қаласында орналасқан «Көк-төбе» арқан жолына саяхат ұйымдастырып, аттракциондар паркіне сыйлық сертификаттарды таратып, балаларды ризашылыққа бөледі. Осы іс-шараны өткізуге көрсеткен көмегі үшін біз Алматы қаласы Медеу ауданының әкімдігіне үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді, — деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД  Медеу ауданының пробация қызметінің аға инспекторы Серік Алмуханов.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...