АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ сілтеме жасап.
28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды.
«Астанаға сапары барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді», — делінген хабарламада.
Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.



