Ақтөбе қаласында Пробация есебіндегі жастар спорттық сайысқа түсті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Астана және Алматы аудандық пробация қызметтері және Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы арасындағы ортақ меморандум аясында, аталған пробация қызметтерінің есебінде тұрған жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Қала жастары және есепте тұрған сотталған жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, зиянды әдеттердің алдын алу, сондай- ақ жастарды қоғамға бейімдеуді мақсат еткен турнирге пробация есебінде тұрған 12 жастар қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс нәтижесінде Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша пробация есебінде тұрған сотталған жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды.

Спорттық сайыс соңында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков, турнирге қатысушы жастарға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, ойын нәтижесі бойынша жүлдегерлерге дипломдар және арнайы кубоктар табыстады.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...