Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алматы аудандық пробация қызметкерлері халықты жұмыспен қамту орталығының бөлiм қызметкерлері және аудан прокурорымен бiрлескен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне есепте тұрған 33 сотталғанды қатыстырды.
Жәрмеңке нәтижесімен, Алматы аудандық пробация қызметінің есебiнде тұрған 8 жұмыссыз сотталған қаламыздағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестік компанияларына жүк тиеуші, жұмысшы, сатушы және әдіскер мамандықтары бойынша жолдамаларға ие болды.


