Ақтөбе облысында әкімді өлтірген адамға қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбе облысында әкімді өлтірді деген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс 2022 жылдың 11 желтоқсанында облыстың Алғын ауданы Сарықобда ауылдық округінде болған. Жанжал кезінде мас болған фермер ауылдық округ әкімінің ішіне пышақ сұғып алған, кейін ол көп қан кетіп қаза болған. Фермерге абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылды.

17 шілдеде аудандық сот бұл іске қатысты үкім шығарды. Бастапқыда прокурорлар сотталушыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот оның өкінуін, балаларының барын, сондай-ақ 25 миллион теңге моральдық шығынды өтеуді ескерді. Қылмысты мас күйде жасау ауырлататын мән-жай болды.

Сот фермерді сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ..

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...