Ақтөбе облысында Пробация қызметі есептегі сотталғандарды тұрақты жұмысқа тұрғызу мақсатында шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жергілікті жердегі «Байшуақ» және «Нұрсұлтан» шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Пробация қызметкерлері кездесуде пробация есебіндегі сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесінен бөлек, жұмыс берушінің және жұмысшының еңбек қарым-қатынасы, заң алдындағы жауапкершіліктері және азаматтардың конституциялық құқықтарын екі тарапқа да түсіндіріп өтті.

«Аталған кездесу іс-шарасының мақсаты — пробация есебіндегі сотталған азаматтар арасында қайта қылмыстың алдын алу үшін жұмыспен қамтамасыз ете отырып, қоғамға бейімдеу болып табылады»,- дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Алмат Утаралинов.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...