Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты № 8 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар медициналық тексерістен өтті.
Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді мақсат еткен профилактикалық іс- шара облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен іске асты.
Еске сала кетсек, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №622 Жарлығына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтар айынан бастап, Ақтөбе қаласындағы №8 түзеу мекемесін медициналық қамтамасыз ету №2 қалалық емхананың қарамағына өткен болатын.
Осы орайда Денсаулық сақтау басқармасының №1 және №7 қалалық емханасының жылжымалы медициналық кешенінің маман дәрігерлері №8 түзеу мекемесіндегі сотталғандарды профилактикалық медициналық тексеріп, скринингтік тексеруді жүзеге асырды.
Медициналық тексеру кезінде дәрігер-терапевт, дәрігер эндокринолог, дәрігер-хирург операция жасаушы, дәрігер- невропатолог, дәрігер-отоларинголог, ревматолог, окулист, кардиолог, проктолог- уролог, дәрігер-дерматовенеролог, дәрігер- фтизиатр мамандар Функционалдық диагностика және Ультрадыбыстық зерттеу (ЭКГ аппарат, іш қуысы органдарының УДЗ) арқылы сотталғандарға профилактикалық медициналық тексерістер жүргізді.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы


