Ақтөбеде №70 мекемесінің қызметкерлері қызметтен тыс уақытта театрға барып, рухани демалды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №70 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен, мекеме қызметкерлері қызметтен тыс уақытта Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы драма театрында болып, «Болашаққа хат» көрінісін тамашалады.

Театрдағы әдемі көрініс қызметкерлерге тәлім-тәрбиелік мәні зор рухани демалыс сыйлады.

«Жақсы демалыс — нәтижелі жұмыс кепілі. Сондықтан, алдағы уақытта да осындай қойылымдарға, яғни рухани жан азығын сыйлайтын орындарға мекеме қызметкерлерінің баруы жиі ұйымдастырылатын болады»,- дейді №70 мекемесінің Кадр саясаты бөлімінің кәсіби даярлық дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы әділет капитаны Орынтай Дулатов.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...