12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері суицидтің алдын алу семинар-тренингіне қатысты

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында суицидтің алдын алу — психологиялық қызметтің ең маңызды тақырыптарының бірі болып табылады. Осы орайда, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментінің кадр саясаты бөлімшесінің ұйымдастыруымен басқару аппараты қызметкерлері және Департаментке қарасты №8, №9, №70 түзеу мекемелері басшыларына «Ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингте қазіргі қоғамда белең алған өз-өзіне қол жұмсау патологиясының өсуі, теріс факторлар, еңбекке жарамды және егде адамдардың, оның ішінде жалпы ІІО қызметкерлерінің арасында суицид әрекетін жасау белсенділігінің өсуі жайында терең тоқталынып, қазіргі таңда оның шешу жолдары мен суицидтік әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ жеке құрамның психикалық денсаулығын сақтап, нығайту бойынша психогигиеналық және оңалту шараларын қабылдау бойынша бірлескен іс-шаралар кешенімен жеңу бойынша бірқатар жолдар жіктеліп, талқыланды.

Сонымен қатар, семинар барысында девиантты мінез- құлық қалыптастыруға ықпал ететін өмірлік кризистік жағдайлар мен олардың негізгі шешу жолдары түсіндіріліп, «Өмірдің кұндылығы» атты бейнеролик және слайдтар көрсетілді. Шара сонында жеке құраммен жұмыс жасау, девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Айта кету керек, аталған іс-шара қатысушылар үшін тәжірибелік пайдасы жоғары атмосферада өткізілген семинар-тренинг болды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы,
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...