12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері мен сала ардагерлері Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында волейболдан сайысқа түсті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті және департаментке бағынысты №9 мекемесінің ұйымдастыруымен, 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне орай волейболдан жарыс өтті.

Волейболдан өткен ашық турнирде ҚАЖ Департаментіне бағынысты №8, №9 және №70 мекемелерінің қызметкерлері мен сала ардагерлері бақ сынасты.

Турнирді салтанатты түрде ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бақытжан Илюпов, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Бұдан кейін сөз алған турнир қонақтары: Ақтөбе заң институтының Динамо ДШ қоғамының мүшесі Валерий Синяков және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер қоғамының төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов құттықтау сөздерін жолдады.

Барлығы 5 команда қатысып, тартысты өткен турнирде 3 орынды- №70 мекемесінің қызметкерлерінен құралған команда қанжығасына байласа, 2 орынға — Ақтөбе облысының ҚАЖ ардагерлері командасы ие болды. Ал турнирдің жеңімпазы болып, Бас жүлдені №9 мекемесінің қызметкерлері жеңіп алды.

Турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздары ұйымдастырушылардың атынан грамоталар, медальдар жане кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар, әр команданың үздік бір ойыншысы арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...