Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері ел Конституциясы мерекесіне орай өзара спорттық сайысқа түсті

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне бағынысты №70 мекемесі «30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы» күніне орай, ҚАЖ қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. ​

Ауқымды өткен спорттық шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты аудандық, қалалық пробация қызметкерлері және Департаментке бағынысты №70, №8 және №9 мекемелердегі қызметкерлерден құралған жалпы саны 6 команда қатысты.

Спорттық шараны салтанатты түрде ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Бақытжан Илюпов, ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
​
Тартысты да, қызықты өткен ойын нәтижесінде 1-орынды Департаментке бағынысты №70 мекемесінен құралған команда жеңіп алса, 2-орынды №8 мекемесінен құралған команда ұтты. Ал 3-орынды №70 мекемесінің 2-ші командасы жеңіп алды. Барлық командалар Департамент басшылығының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
​
Спорттық шараға белсенді қатысқан қызметкерлер де елеусіз қалмады: «Ең үздік шабуылшы» номинациясына #70 мекемесінің режим және күзет бөлімнің бақылаушысы әділет кіші сержанты Ғасырбек Артықов ие болса, «Ең үздік қорғаушы» номинациясына #8 мекемесінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Мирас Мергенов, ал «Ең үздік қақпашы» номинациясын #70 мекемесінің режим және күзет бөлімнің бақылаушысы әділет кіші сержанты Әділет Мақсутов иеленді.

«Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық шара — Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымда командалық рухты көтеруге бағытталған»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....