30 тамыз — ҚР Конституциясы күніне орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс- шара өтті. Мерекелік іс- шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, мекеме бастықтары, сала ардагерлері және жеке құрам қатысты.
Салтанатты шарада қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер Қазақстан Республикасы ІІМ-нің, ҚАЖ Комитеті төрағасының және ҚАЖД-нің бастығының бұйрықтарымен, сондай-ақ сала ардагерлері
«Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Мерекелік шарада сала ардагерлері мен жеке құрамды Ел Конституциясы күнімен құттықтаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Бақытжан Илюпов, Ата заңымыздың еліміз үшін маңызды рөл атқаратынына тоқтала келіп, жеке құрамның алдағы уақытта да еліміздің игілігі үшін абыройлы қызмет ететініне сенім білдірді.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы


