Ақтөбеде түзеу мекемесінен бостандыққа шығатын сотталғандар мемлекеттік бағдарламалармен ақпараттандырылды

Ақтөбе облысының медиаторлар кеңесi қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінде болып, бостандыққа шығатын сотталғандарды мемлекеттік бағдарламалармен ақпараттандыру мақсатында семинар өткізді.

Семинарда Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» өкілдері, психологтар, заңгерлер, медиаторлар сөз сөйлеп, өз бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құжаттарды рәсімдеуді түсіндірсе, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мемлекет ұсынған жобаларға қатысу жолдарын айтты. Ал медиаторлар даулар мен жанжалдарды реттеу бойынша медиация тәсілдерін әңгімеледі.

«Түзеу мекемелерінде бостандыққа шығатын сотталғандар үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Себебі, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, сондай-ақ заңгерлер мен психологтардың тегін кеңестері бостандыққа шыққаннан кейінгі сотталғандардың қоғамға тез бейімделуіне ықпал етеді»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Айта кетейік, аталған семинар Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында түзеу мекемесінен босатылатын сотталғандарды мемлекеттік бағдарламалармен ақпараттандыру мақсатында өтуде.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...