Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінде Ақтөбе облысының зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы қызметкерлерінің қатысуымен, тергеу мекемесінің шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында «Кітап оқуға құштарлық» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуде кітапханашылар Рысжан Карагулова және Әйгерім Жарқын сотталғандар назарына зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арналған кітаптарды, аудиокітаптарды, «Брайль» шрифтімен жазылған кітаптарды және қолдан жасалған арнайы макеттерді ұсынды. Сонымен қатар, «Брайль» шрифтінің тарихымен таныстырып, өздерінің қызмет жолында кездесетін қиыншылықтары және ауыртпашылықтарымен бөлісіп, шарада белсенділік танытқан сотталған азаматтарға қолдау көрсетіп, алғыстарын айтты.


