Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторын парамен сатып алғысы келген сотталған ұсталып, айыппұл арқалады

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында «Есірткі заттарын тасымалдау» бабы бойынша сотталған 40 жасар ақтөбелік азаматтың пробация инспекторына пара ұсыну дерегінің жолы кесілді.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы Данил Наринбаев, есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істегені үшін пробациялық бақылауда тұрған сотталған азаматты бақылау кезінде қоғамдық жұмыстарды орындау туралы сот үкімінің талаптарын бұзғанын анықтаған. Осыған байланысты пробация инспекторы сотталғанның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа материалдар дайындаған. Осы кезде пробация есебінде тұрған сотталған азамат бас бостандығынан айырудан және психиатрдан мәжбүрлеп емдеу түріндегі жазадан жалтару мақсатында, пробация қызметінің инспекторына 10 мың теңге сомасында ақша ұсынған. Қызметіне адал инспектор болса, бұл туралы өз басшылығына дереу хабарлаған.

«Орын алған жағдайға бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментімен ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалып,.Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері арасында аппараттық кеңестер, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...